|
2012 ж. 3 мамыр |
|
|
|
Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығы туралы" бұйрығы.
Отан қорғаушы күні – 2012 жылы 7 мамырда тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштеріне 20 жыл толады. Бұл күн – қазақстандықтардың ерлікке толы шежіресін және Отанға қызмет ету дәстүрінің сабақтастығын сипаттайды. Қазақстан өз мемлекеттігін дамытудың 20 жылы ішінде әрдайым еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға, заманауи және кәсіби армия құруға ерекше көңіл бөлді. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жауынгерлік даярлықтың жоғары қарқынды деңгейімен, сапалы жұмылдыру резервімен, ұлттық әскери оқу орындары жүйесімен және қажетті материалдық-техникалық қамтамасыз етілуімен ерекшеленеді. Біздің әскери қызметшілер жоғары кәсіби даярлық, үйлесімділік пен жауынгерлік дағды үлгісін көрсетуде. Қарулы Күштер қатарында қызмет ету әрбір қазақстандықтың құрметті міндеті, аға буынның батырлық және жауынгерлік дәстүрлеріне негізделген патриотизмнің жоғары адамгершілік мектебі ретінде қалыптасып отыр. Қарулы Күштердің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында құрметті ардагерлерді, әскери қызметшілерді, сондай-ақ, барша қазақстандықтарды мемлекетіміздің тарихындағы осы айтулы күнмен құттықтаймын. Қазақстанның барлық халқына ашық аспан, өсіп-өркендеу мен бақ-береке, Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі үшін жаңа жетістіктер тілеймін.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері құрылуының 20 жылдығы құрметіне БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі 7 мамыр – Отан қорғаушы күнін Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі деп белгілеуді көздейтін «Қазақстан Респуб-ликасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Парламентке енгізсін. 2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі: 1) еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамына алғыс жарияласын және көтермелесін; 2) бұйрықтың мәтінін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің барлық жеке құрамына салтанатты жағдайда жеткізсін; 3) 7 мамырда Астана және Алматы қалаларында мерекелік отшашу жасасын. Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Н.НАЗАРБАЕВ
2012 жылғы 3 мамыр №1 Астана қаласы
|
|
2012 ж. 29 наурыз |
|
|
|
Қазақ-Неміс қоғамның 15 жылдығын тойлау мерекесі туралы Ү.ж. 29 наурызда Берлин қаласында ГФР-ғы ҚР Елшісі Нұрлан Онжанов Қазақ-Неміс қоғамы (ҚНҚ) ұйымдастырған «Өзара тиімді ынтымақтастық, әл-ауқат және әлеуетке 20 жыл» атты форумға қатысты. Қоғамның 15 жылдығын тойлау мерекесіне тұспа-тұс өткізілген шараға ГФР-дің 100-ден астам көрнекті саяси және қоғамдық қайраткерлері, неміс экономикасының, мәдениетінің, ғылымының, БАҚ мен дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты.
|
|
Толығымен...
|
|
2012 ж. 19 наурыз |
|
|
|
ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровтың Берлинге жұмыс сапары туралы
Сапардың басты мақсаты – ү.ж. 5-6 маусым аралығында Рио-де-Жанейро қаласында өтетін саммитқа қатысу шеңберінде Қазақстанның күн тәртібіне енгізуді жоспарлап отырған Ғаламдық энерго-экологиялық стратегия мен «Жасыл көпір» бағдарламасын жылжыту болып табылды. Берлинге сапары шеңберінде Н. Қаппаров Бундестаг депутаты, ГФР федералдық экология, табиғатты қорғау және ядролық реакторлардың қауіпсіздігі министрлігінің парламенттік статс-хатшысы Катарина Райхемен, Қоршаған ортаны қорғау бойынша федералдық мекеменің (UBA) президенті Йоахан Фласбартпен, эмиссиялық сауда бойынша органның (DEHSt) басшысы Ханс-Юрген Нанткемен, RWE Technology және Siemens компанияларының экологиялық технологияларды дамыту жобаларының басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді.
|
|
Толығымен...
|
|
2012 ж. 7-11 наурыз |
|
|
|
ҚР делегациясының Берлин қаласында 46-ші «ITB-2012» Халықаралық туризм биржасында қатысуы туралы Ү.ж. 7-11 наурыз аралығында Берлин қаласында (ГФР) дүниежүзіндегі ең ірі халықаралық туристік жиын болып табылатын және турист салаcының даму үрдістерін белгілейтін кезекті 46-ші «ITB-2012» Халықаралық туризм биржасы болып өтті. Жыл сайын Месседамм Берлин (Messedamm Berlin) атты 160.000 шаршы метрді құрайтын кешенінде өтетін биржа жұмысына түрлі туристік бизнестің барлық салаларының өкілдері қатысады, атап айтқанда жауапты мемлекеттік мекемелер, туристік агенттіктер және операторлар, әуекомпаниялар, қонақ үйлерге орналастыру, тілшілер және т.б. Биылғы жылы аталған көрмеде 180 елден 11 мың ақпараттық стендтер ұсынылды.
|
|
Толығымен...
|
|
2012 ж. 7-8 наурыз |
|
|
|
ҚР СІМ басшысының орынбасары А. Волков Берлинде өткен халықаралық «Орта Азия үшін су дипломатиясы» конференциясына қатысты
2012 ж. 7-8 наурыз айында Қазақстандық делегацияның халықаралық «Орта Азия үшін су дипломатиясы» конференциясына қатысу аясында ҚР СІМ басшысының орынбасары Алексей Волков Германияға жұмыс сапарымен барды. Аталмыш конференция ГФР Үкіметінің бастауымен су ресурстары бойынша 1-ші конференция аясында 2008 жылы сәуір айында Берлинде өткен «Орта Азияға арналған су бастамасының» («Берлин үрдісі») ажырамас бөлігі болып табылады.
|
|
Толығымен...
|
|
<< Басынан бастап < Алдыңғы бет 1 2 3 4 5 6 7 8 Келесі бет > Соңғы бет >>
|
|
1 беттен 8 бетке дейін |