|
Президенттің жолдауы 2010 |
|
|
ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ – ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
Ел тарихының ХХІ ғасырдағы аса бір күрделі кезеңі аяқталып келеді. Дүние жүзінің экономикасын тұралатқан жа¬һан¬дық дағдарыс дауылы әлі басыла қойған жоқ. Алайда ол өзінің алғашқы алапат қуатынан айырылды. Біз тастүйін дайын болғандықтан, оның салдары біздің еліміз үшін соншалықты ауырға соққан жоқ. Дағдарысқа дейінгі кезеңде біз Қытай, Үндістан және өзге де экономикасы қа¬рыш¬тап алға басқан мемлекеттер қата¬рын¬¬да дамудың жоғары деңгейіне көтеріл¬дік. Өйткені біз оған қалай қол жет¬кізуге болатынын білдік. Бәрін дұрыс жоспарлап, сауатты іске асырғандықтан, біздің дамуымыз сәтті болды. Біз жасампаздыққа жұмыла кіріс¬кен¬діктен, дамудың даңғыл жолына түстік. Толағай табыстарымен дүние жүзін мойындатқан Қазақстанның әлеуеті артып, экономикасы серпінді бола түсті. Дамуымыздың маңызды алғышартына айналған қазақстандық бірліктің өнегелі үлгісі ғаламшардағы мемлекет басшылары мен конфессия жетекшілерінен лайықты бағасын алды. Осылайша Қазақстан қуатты да та¬бысты мемлекетке айналып, өзінің бас¬та¬малары арқылы жоғары халықаралық беделге ие болды. Жасампаздық қуатымен дүние жүзінде даңқы артқан Қазақстан әлемді өз жетістіктерімен таң қалдырды. Сондықтан Қазақстанға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету мәртебелі миссиясы сеніп тапсырылды. Біз жаңа онжылдығымызды әлемдік деңгейдегі осындай абыройлы тарихи оқиғамен бастадық. Мен біздің алдағы барша жетістік¬тері¬міз осындай жарқын болады деп сенемін. Менің басты мақсатым – еліміздің алдағы онжылдықтағы экономикалық өр¬леуін қамтамасыз етіп, жаңа мүмкін¬дік¬тер¬ге жол ашу. Бүгінгі Жолдауым осыған арналған. “Қазақстан-2030” Стратегия¬сын орындай отырып, біз алғашқы он¬жылдыққа бағдарлама жасап, оны тә¬мам¬дадық. Ендігі мақсат – осы Стратегия¬ның келесі онжылдығына қарай қадам жасау.
1. 2010 Стратегиялық жоспарын іске асыру – ел дамуының аса маңызды шебі 1997 жылы “Қазақстан-2030” Стра¬те¬гия¬сын қабылдап, біз елдің ұзақ мерзімді күн тәртібін, басты мақсаттар мен басымдықтарын қалыптастырдық, кейін олар 2010 жылға дейінгі Стра¬тегиялық жоспарда қисынды түрде да¬мытылды. Сөйтіп біз қалай жоспарласақ, солай өмір сүрдік және мынадай нәтижелерге қол жеткіздік. 2000 жылмен салыстырғанда 2008 жылы-ақ, жоспарланғанынан екі жыл бұрын, біз республика ІЖӨ-сінің көлемін екі еселедік және мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін тиімді орындадық. Орташа айлық жалақы 5 есеге, ал зейнетақының орташа мөлшері 3 есеге өсті. Өмір сүрудің ең төменгі деңгейінен аз табысы бар халықтың үлесі 4 есеге (50%-дан 12%-ға дейін) азайды. Халық денсаулығының негізгі көр¬сет¬кіш¬тері жақсарды. Күтілетін өмір ұзақтығы 65-тен 68 жасқа дейін ұлғайды. Ана өлімі екі есеге азайды, бала туу бір жарым есеге өсті. Он жылда 652 мектеп және 463 ден¬сау¬лық сақтау нысаны салынды. Бүгінде бізде әлемдік деңгейдегі ме¬ди¬циналық орталықтар – Ана мен баланың ұлттық орталығы және Нейрохирургия институты бар. Биылғы жылы Кардиохирургия ор¬та¬лығын іске қосамыз. Барлық облыстарда қазақстандықтарға медициналық қызмет көрсету жақсаруда. Осының арқасында біз өз азаматтары¬мыздың мыңдаған өмірін сақтап қаламыз! Біздің жетістіктерімізді мойындай оты¬¬рып, БҰҰ өзінің 2009 жылғы Баян¬дамасында Қазақстанды адам әлеуетінің жоғары деңгейі бар елдер санатына қосты. Бұл – біздің өскен әл-ауқатымыздың дау¬сыз дәлелі! Он жылда 350 мың отбасы – бұл шамамен 1,2 миллион адам тұрғын үй¬ге ие болды. 32 мың шақырым жолдар са¬лынды және жөнделді, бұл Қазақстанның барлық жолдарының үштен бірі. 2030 жылға дейінгі Қазақстанның Даму стратегиясының қарпі мен рухын негізге ала отырып, біз ХХІ ғасырдың алғашқы он жылдығына белгіленген барлық міндеттерді шештік.
2. Дағдарыс кезеңі – дұрыс шешімдер қабылдау уақыты Әлемдік қаржы-экономикалық дағда¬ры¬сы экономиканың өсу қарқынына ық¬пал етті, бірақ біздің дамуымызды тоқ¬тат¬қан жоқ. Жинақталған экономикалық әлеует соңғы үш жылдың аса қиын дағ¬да¬рыстық шайқасында бізге тұрлау¬лылық¬ты қамтамасыз етті. Біз еліміздің қаржы жүйесін қорғап, жүйе құраушы банктерді сақтап қалдық. Біз шағын және орта бизнесті қиыншылықта қалдырмадық. Ұлттық және трансұлттық компания¬лардың мемлекеттік сатып алуларындағы “қазақстандық үлестің” болмаған өсіміне қол жеткіздік. Агроөнеркәсіптік кешенге бұрын-соңды болмаған көмек көрсеттік. Мемлекет үлестік құрылысты аяқтау жө¬ніндегі барлық шығындарды өз мой¬нына алды. “Жол картасы-2009” бағдарламасын табысты іске асырудың арқасында ел өңірлерінде ТКШ-ны реконструкциялау жөнінде 862 жоба іске асырылып, 737 шақырым электр желісі, 1029 шақырым сумен жабдықтау желілері, 284 шақырым жылу трассасы, автожолдар, жүздеген мектептер мен ауруханалар, мәдениет пен спорт нысандары жөнделді. Әр ауылға дейін жеткен мұндай аса ма¬ңызды жұмысты біз тұңғыш рет жүр¬гіз¬дік. Халық бізге риза – біз жақсы жұмыс атқардық. Барлығы да менің бақылауыммен, жедел, жария атқарылды. Біз рецессияға жол бермедік, өйткені, не істеу керектігін білдік және мұны жедел істедік. Ұлы Неру бір кездері былай деген екен: “Табыс кім батыл қимылдаса, со¬ның үлесіне жиі түседі”. Ал біз батыл қимылдадық. 2009 жылы экономиканың артуы 1,1%-ды, өнеркәсіпте 1,7%-ды құрады. Біз оң өсу қарқыны бар елдердің “серіппелі тобына” жаттық. Ұлттық қордың жалпы халықаралық резервтері мен активтері бүгіннің өзінде 50 миллиард доллардан асып түсіп, соңғы он жылда 25 еседен астамға өсті. Өткен жылы біз Қор қаржысының бір бө¬лігін жұмсадық, ал бүгінде Қордың кө¬лемі өткен жылдың желтоқсанындағыдан көп екенін атап өту маңызды. Қордың арқасында біз дағдарысқа қар¬сы шараларды жүргізіп қана қойған жоқ¬пыз, сонымен бірге мемлекетке, бізге қиын болған кезде, сатуға мәжбүр болған ма¬ңыз¬ды активтерді қайтардық. Бұл – Екібастұз 1-ші ГРЭС-і, “Богатырь” разрезі, Қа¬ша¬ғандағы біздің үлесіміз, Маңғыстау¬мұ¬найгаз және барлық үш мұнай өңдеу зауыты. Жұмыссыздық деңгейі 6,3%-ды құ¬ра¬ды, ал бұл дағдарысқа дейінгі уақыт¬та¬ғы¬дан төмен. Тиімді іске асырылған Жұмыспен қамту стратегиясының арқасында елде 400 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды. Біз төтеп бердік. Енді біз 2020 жылға дейін¬гі Даму стратегиясын орындауға кірісеміз.
3. 2020 Стратегиялық жоспары –көшбасшылыққа қазақстандық жол Бізге мыналарды атқару керек: 1. Экономиканы дағдарыстан кейінгі дамуға әзірлеу; 2. Жедел индустрияландыру және ин¬фра¬құрылымды дамыту есебінен эконо¬миканың тұрақты өсуіне қол жеткізу; 3. Адам капиталының бәсекеге қабі¬леттілігін арттыру үшін болашаққа бел¬сенді инвестициялау; 4. Қазақстандықтарды сапалы әлеу¬меттік және тұрғын үй-коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету; 5. Ұлтаралық келісімді нығайту, ұлттық қауіпсіздікті арттыру, халықаралық қарым-қатынасты одан әрі дамыту.
3.1 Экономиканы әртараптандыру – табыс кілті Таяудағы онжылдықта тұрлаулы да теңдестірілген даму жедел әртараптандыру және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен қамта¬масыз етілетін болады. Еңбек өнімділігінің кешенді артуы аса маңызды міндет болып табылады. Қазақстанда, егер тұтастай экономика бойынша қарайтын болсақ, бір қызмет¬кер жылына 17 мың доллардың өнімін өндіреді екен. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 90 мың доллардан асып түседі. Қорытынды өте түсінікті – бізге жағдайды түзету – өнімділікті арттырып, инновацияларды ендіру керек. Басқарудың барлық деңгейінің жұ¬мысына баға беру мен жаңағы өлшемдер бойынша қаржылай қолдау көрсету және бақылау Үкіметтің басты міндеті болады. Инновациялар ғана еңбек өнімділігінің шұғыл артуына жеткізеді. Менің тапсырмам бойынша Үкімет Жедел индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын және Елді индустрияландырудың егжей-тегжейлі картасын әзірледі. Бұл құжат – таяудағы бес жылда біз нені, қайда және қашан салатынымыздың толық іс-қимыл жоспары. Бүгінде әңгіме инвестицияларының жалпы көлемі 6,5 триллион теңгелік 162 жобаны іске асыру туралы болып отыр, ал бұл ел ІЖӨ-сінің 40%-дан астамы, олар бізге таяудағы үш жылда ғана 200 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын тікелей ашуға мүмкіндік береді. Алдағы бес жылда қуатты газ-химиясы кешенін, минералдық тыңайтқыштар өндіру жөніндегі зауыттарды, бірқатар ірі электр-энергетикалық стансаларды – Балқаш ЖЭС-ін, Мойнақ ГЭС-ін, Екібастұз 2-ші ГРЭС-інің жаңа блогын және басқа көптеген кәсіпорындар пайдалануға берілетін болады. 2014 жылға қарай біз барлық 3 мұнай өңдеу зауытын реконструкциялаймыз және бүкіл мұнай өнімдерінің түр-түрі бойынша ішкі қажеттілігімізді толық қамтамасыз ете аламыз. Әр өңірдегі әрбір индустриялық жоба жергілікті биліктің ғана емес, сонымен бірге жұртшылықтың да айрықша бақы¬лауына алынуы керек. Бұл жұмыс таяу¬да¬ғы онжылдықта бүкіл еліміздің жал¬пы¬ұлттық міндетіне айналуы тиіс. Тек осылай ғана біз әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ене аламыз. “Нұр Отан” ХДП үшін 2020-Бағ¬дар¬ламасын орындау жұмыстың басты өзе¬гі¬не айналуы тиіс. Ешкім сыртта тұрмауы керек, өйткені, тек осылай ғана біз Қа¬зақ¬станның жаңа экономикалық өрлеуін қамтамасыз етеміз. Бағдарламаны жүзеге асыру жөнінде Премьер-Министр бастаған бірыңғай бас¬қару орталығы (штабы) және облыс¬тарда әкімдер басқаратын орталықтар құрылады. Біз 2009 жылы “Жол картасы” бағдарламасы бойынша қалай жұмыс істесек, солай жұмыс істеуге тиіспіз. Министрлер, әкімдер барлық ағым¬дағы мәселелердің шешілуі үшін жауапты болады. Олар барлық ресурстарды жұмылдырады да. Индустриялық даму – бұл біздің жаңа онжылдықтағы мүмкіншілігіміз, ел дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер. Қазақстан табысты индустриялық дер¬жава болады – мен бұған әбден сенімдімін. Әртараптандырудың басқа бір маңыз¬ды сегменті агроөнеркәсіптік кешенді дамыту болып табылады. Оның дамуы негізгі үш бағыт бойынша жүруі керек. Біріншіден, негізгі салмақ еңбек өнімділігінің артуына түсірілуі тиіс. Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі ең төмені және жылына бір жұмыс істеушіге 3 мың доллар шамасында келеді. Ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 50-70 мың долларды құрайды екен. Ауыл үшін өсу перспективасы міне осында. Сондықтан біздің міндетіміз – 2014 жылға қарай агроөнеркәсіптік кешенде өнімділікті кем дегенде екі есе арттыру. Бұл күрделі міндетті аграрлық-индус¬триялық әртараптандыру ғана, яғни ауыл¬шаруашылық шикізатын қайта өңдеуді шұ¬ғыл арттыру, жаңа құрал-жабдықтар, жаңа технологиялар мен ауыл шаруашы¬лы¬ғындағы жаңа көзқарас шеше алатын жағдайда. Әлемдік тәжірибені пайдалану, оны біздің ауыл шаруашылығымызға жедел ендіру керек. Екіншіден, елдің азық-түлік қауіпсіз¬ді¬гін қамтамасыз ету. 2014 жылға қарай азық-түлік тауарлары ішкі рыногының 80%-дан астамын отандық тағам өнімдері құрауы тиіс. Бізде бұл үшін мүмкіндіктер бар. Үшіншіден, экспорттық әлеуетті іске асыру, бірінші кезекте бұл Кеден одағы, Орталық Азия, Кавказ бен Таяу Шығыс елдерінің рыноктары. Біз қазірдің өзінде “Жетіген-Қор¬ғас”және “Өзен-Түркіменстанмен мем¬ле¬кет¬тік шекара” темір жол желілерін са¬лып жатырмыз, олар іс жүзінде біздің өнім¬дерге Қытай мен Парсы шығанағы елде¬рінің рыноктарына жол ашады. Біз салуға кірісетін “Батыс Қытай-Батыс Еуропа” автожолы ¬– тауарлар үшін маңызды магистраль. “Болашақтың экономикасы” сектор¬ларына жеке тоқталғым келеді. Нәтижелі де тиімді қызмет ететін ұлттық иннова¬циялық жүйе оның негізі болуы тиіс. Бізде қазірдің өзінде бұл бағыттағы әзірліктер бар. Біз одан әрі ілгері кетеміз. Жаңа Университеттің аясында Астанада үш жаңа ғылыми орталық құрылатын болады. Өмір туралы ғылымдар орталығы органдарды көшіру, жасанды жүрек және өкпе, бағаналы жасуша және ұзақ жасау медицинасы саласында әлемдік жетекші ғылыми орталықтармен бірлескен әзірліктер жүргізеді. Энергетикалық зерттеулер орталығы қайталанба энергетика, жоғары энергия¬лар физикасы мен техникасы мәселе¬лері¬мен айналысатын болады. Тақырыпаралық аспаптық орталық инжиниринг орталығы, зертханалық база және конструкторлық бюро болып та¬былады. Барлық үш орталық биылғы жылы құрылатын болады. Үкіметке біздің индустрияның 2010 жылғы басымдықтарын ескере отырып, елдің ғылыми технологиялық дамуының 2020 жылға дейінгі салааралық жоспарын әзірлеуді тапсырамын. Сондай-ақ, “Ғылым туралы” жаңа заңның әзірленуін жеделдету қажет. Бұл біздің болашақ дамуымыз үшін маңызды.
3.2 Сауатты сауда саясаты – ¬экономиканың бәсекеге қабілеттілігіне қолдау Қазақстан ТМД-дағы интеграциялық үдерістердің белсенді қатысушысы болып табылады. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген Ресеймен және Беларусьпен Кеден одағының құрылуы – бұл қазақ¬стандық барлық интеграциялық баста¬малардың серіппелілігі. Үш ел интеграциясының келесі кезеңі 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап Біртұтас экономикалық кеңістіктің қалыптасты¬рылуы болады. Бұл капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысы қамтамасыз еті¬летін интеграцияның әлдеқайда жоғары деңгейі. ТМД-дағы өңірлік экономи¬ка¬лық бірлестіктерге қолдау білдіре отырып, Үкімет Қазақстанның экономикалық даму басымдықтарына сай келетін жағдайларда Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру үдерісін жандандыруы тиіс. Қазірдің өзінде біздің кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктердің пайда болуын дұ¬рыс бағалау, жаңа рыноктарға шығу жө¬ніндегі тиімді стратегияларды әзірлеумен байыпты айналысу, бәсекелестік ар¬тықшылықтарды өсіре түсу маңызды. Әрине, айтылып жүргеніндей, “бәсеке жоқ жерде ұйқың жақсы, бірақ та өмірің нашар”. Ал қазақстандықтар жақсырақ өмір сүрмек және өз жоспарларын жүзеге асыруға кедергі келтіретіндерге жол бермеу ниетінде.
3.3 Инвестициялар тарту Әртараптандыру жөніндегі біздің жоспарларымызды іске асыру үшін бір ғана мемлекеттік ресурстар жеткіліксіз болатыны анық. Оның негізгі көзі тікелей шетелдік инвестициялар болуы тиіс. Менің халықаралық сапарларым бары¬сындағы негізгі мәселелердің бірі Қазақстанға инвестициялау мәселесі болды. Көптеген мемлекеттер біздің экономикаға ресурстар салудың мәні бар деп біледі. Бүгінде Қытайдан, Оңтүстік Корея¬дан, Бі¬ріккен Араб Әмірліктерінен, сон¬дай-ақ француз, итальян, ресейлік компа¬ния¬лар¬дан 20 миллиард доллар көлемінде инвести¬циялар тарту туралы мәселелер шешілді. Бұл қаражат шикізаттық емес сектор¬ға жұмсалып, индустриялық бағдарлама¬ның, инфрақұрылым мен бірлескен кәсіпорындардың ондаған нысандарын іске қосуды қамтамасыз етеді. “Батыс Қытай-Батыс Еуропа” автома¬гистраліне 3 миллиард долларға жуық көлемінде және елдің батысынан оңтүс¬тігіне қарай тартылатын газ құбырына 2 миллиард доллар инвестициялар тарту мәселелері шешілді. Мұның бәрі – шикізаттық сектордың инвестицияларынан басқасы, ал ол 10 мил¬лиард доллардан астамды құрайды. Көріп отырсыздар, бұл Бағдарламаны қар¬жылай және материалдық ресурстар¬мен қамтамасыз ету жөнінде орасан зор жұмыс жүргізілді. Біз Қазақстанда өңірімізде жұмыс істеуге дайын инвесторлар үшін барынша тартымды жағдай жасауға тиіспіз. Индустриялық даму басымдықтарын ес¬кергенде арнаулы экономикалық аймақ¬тар мен индустриялық парктердің қызмет етуіне жаңа көзқарас қажет. Үкіметке арнаулы экономикалық аймақтар туралы жаңа заң жобасын әзірлеуді тапсырамын. Жеке меншік инвестицияларды тарту жөнінен мемлекеттік-жекеменшік әріптес¬тік тетігі орасан зор әлеуетке ие болып отыр. Біз Қазақстанда бұл тетікті іске қос¬тық, бірақ та ол озық әлемдік практикаға сәйкес жетілдіруді талап етеді. Үкіметке бірінші жартыжылдықта концессиялар туралы заңнамаға тиісті өзгерістер енгізуді тапсырамын. Жобалық қаржыландыру қағидатын ендіру мақса¬тында біздің заңнамада ерекше құқықтық мәртебесі бар арнаулы жобалық ұйымдар құру мүмкіндігін көздеу керек.
3.4 Кәсіпкерлік – жаңа экономиканың қозғаушы күші Әртараптандырудың өзегі кәсіпкерлік болады. Біз тәуекелдерді өз мойнына алуға, жаңа рыноктарды игеруге, инновациялар ендіруге дайын қуатты кәсіпкерлер табын көргіміз келеді. Нақ осы кәсіпкерлер экономиканы жаң¬ғыртудың қозғаушы күші болып табы¬лады. Осыған байланысты Үкіметке 2010 жылдан бастап өңірлерде кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік бағдарлама енгізілуін қамтамасыз етуді тапсырамын. Оны “Бизнестің жол картасы-2020” деп атауды ұсынамын. Бұл бағдарламаның мақсаты өңірлерде кәсіпкерліктің, бәрінен бұрын шағын және орта бизнестің жаңа тобын дамыту есебінен тұрақты жұмыс орындарын ашу болады. Бұл бағдарлама қаражатын пайдалану мы¬надай бағыттар бойынша жүзеге асы¬рылуы тиіс: – несиелер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау; – шағын және орта бизнеске несие¬лерді ішінара кепілдендіру; – бизнес жүргізуге сервистік қолдау білдіру; – кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыру, жастар практикасы және әлеуметтік жұмыс орындары. “Бизнестің жол картасы-2020” кәсіпкерлер үшін де, сол секілді банктер мен инвесторлар үшін де шикізаттық емес жобаларды қаржыландыру жөнінен жаңа мүмкіндіктер ашады. Үкімет әкімдермен бірлесіп үшжыл¬дық бюджет аясында әр өңірдің эконо¬ми¬калық әлеуетін есептеулерге негіздел¬ген жылдар бойынша бөлшектелген қаржыландырудың жалпы лимитін әзірлеуі тиіс. Бұл қаражат өңірлерге беріледі. Әкімдер бағдарлама бойынша қаржы¬ландырылатын шағын және орта бизнес жобалары үшін толық жауапты болады. Үкіметке ӘКК-ні жергілікті атқарушы органдарға беруді тапсырамын, олар іс жүзінде бизнесті дамыту жөніндегі өңірлік корпорациялар болады.
3.5 Отандық тауарлар – 2020 Жоспарын жүзеге асырудың табыстылық индикаторы Біздің шикізаттық емес экспорттаушы¬ларды қолдау индустрияландырудың шешуші бағыты болуға тиіс. Қазақстан өнеркәсібі экспорттық рыноктарға отандық брендтердің кең ауқымды тізбегімен ұсынылуы керек. Сондықтан Үкіметтің міндеті – экс¬порттаушыларға негізгі құралдарды сатып алуды қаржыландыруды, экспортқа сер¬вистік қолдау көрсетуді, экспорттау¬шы¬ларға гранттар мен экспорттық саудалық қаржыландыруды қарастыратын біртұтас қолдау жүйесін жасау.
3.6 Өңірлердің дамуы – елдің дамуы Өңірлік даму реформаларынсыз біз же¬дел әртараптандыруға қол жеткізе ал¬май¬мыз. Сондықтан бізге экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыруды бастау қа¬жет. Қазақстанның батысында мұнай-газ секторын, химия өнеркәсібін, жабдықтар өн¬дірісі мен көліктік қуаттарды дамыту керек. Орталықта, солтүстікте, оңтүстік пен шығыста – кен-металлургия кешені, атом, химия өнеркәсібі және аграрлық индустрия дамытылуы тиіс. Ішкі сұраныс базасындағы секторларды дәстүрлі индустриялар жанынан, сондай-ақ қуатты кадрлық әлеуеті бар Алматы мен Астана қалаларында дамыту қажет. Жоғары экспорттық әлеуеті бар шикізаттық емес сектор мен АӨК-ні елдің солтүстік және оңтүстік өңірлерінде дамыту орынды. Болашақ экономикасының секторы Алматы мен Астанада дамуы тиіс. Біздің елордамыз, экономикасы бә¬се¬кеге қабілетті, ел азаматтары мен туристер үшін тартымды қала – Астананы одан әрі да¬мытуға айрықша маңыз берілетін болады. Жаңа өңірлік саясат – 2020 Стра¬те¬гиялық жоспарының аса маңызды бөлігі. Үкіметке облыстардың, Астана мен Ал¬маты қалаларының әкімдерімен бір¬ле¬се отырып, өңірлердегі инвестициялық саясат мәселелерін мұқият пысықтауды тапсырамын.
3.7 2020 Стратегиялық жоспарын іске асырудың базалық шарттары Экономиканы жаһандық қалпына келтіруге дайындау және оның сыртқы сынақтарға тұрақтылығын арттыру үшін біртұтас үш міндетті шешу қажет болады: біріншіден, бизнес-ахуалды елеулі жақсарту; екіншіден, қаржы жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету; үшіншіден, сенімді құқықтық орта қалыптастыруды жалғастыру. Үкіметке 2011 жылы бизнесті тіркеу¬ге және бизнесті жүргізуге байланысты операциялық шығындарды 30%-ға, ал 2015 жылы тағы да 30%-ға қысқартуды тапсырамын. Онжылдықтың соңында шағын және орта бизнестің ІЖӨ-дегі үлесі 40%-ға дейін көтерілуі тиіс. 2020 жылы Қазақстан бизнес-ахуалы ең қолайлы деген 50 елдің қатарына енуі керек. Қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен орнықтылығын қамтамасыз етудің маңызы зор. Отандық қор рыногын жұмыс істеуге мәжбүрлеп, ол 2020 жылы ТМД мен Ор¬та¬лық Азиядағы ислам банкингінің өңірлік орталығына айналуы және Азиядағы же¬тек¬ші қаржы орталықтарының ондығына енуі тиіс. Отандық қаржы жүйесіндегі реттеулер дағдарыстан кейінгі әлемнің сынақтары мен қатерлеріне сәйкесінше сай болуы керек. Қаржылық реттеуші банк секторының сыртқы міндеттемелері үлесінің оның міндеттемелерінің жиынтық көлемінде төмендеуін қамтамасыз етуі тиіс. Бұл ретте сыртқы займдардың басым бөлігі тиімді де бәсекеге қабілетті өндірістер құруға бағытталуы керек. Банктерді ашық немесе жасырын аффилирленген құрылымдардан аулақ ұстау қажет. Банктердің тек қана банк қызметімен айналысуын және олардың қызметінің барынша мөлдір болуын қатаң бақылауға алу керек. Біз банктердің дағдарыс кезінде аман қалуына көмектестік, енді банктер экономикаға оның дағдарыстан кейінгі қалпына келуі мен дамуына жігерлі түрде жәрдемдесуі тиіс. Дағдарыс жағдайында Ұлттық қор біз үшін өзіндік бір “қауіпсіздік көпшігіне” айналды. Оның ендігі міндеті – тұрақтылық пен өркендеудің кепілі болу. Үкімет бюджеттің шикізаттық емес кірістер әлеуетін ұлғайтумен байыпты айналысуы тиіс. Осы онжылдықтың соңында бюд¬жет¬тің мұнайлық емес тапшылығы ІЖӨ-нің 3 пайызынан аспауы керек. Одан кейінде оны нөлге дейін жеткізу қажет. Үстіміздегі жылдан бастап рес¬пуб¬ликалық бюджетке кепілді трансферт абсолюттік мөлшерде – 8 миллиард доллар көлемінде бекітілетін болады. Бұл трансферт ең алдымен индустрия¬лан¬дыруды жүзеге асыру мақсаттарына бағытталуы тиіс. Бюджетке Ұлттық қордан ешқандай займдар, өзге де ешқандай қосымша трансферттер болмайды. Осы көзқарастарды ескере келгенде, Ұлт¬тық қордың активтері 2020 жылға қарай 90 миллиард долларға дейін өсуі тиіс, мұның өзі ІЖӨ-нің 30%-дан кем емес мөлшерін құрайды. Үкіметке үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдаланудың жаңа тұжырымдамасын маған бекітуге ұсынуды тапсырамын. Тұтастай алғанда 2020 жылға қарай біз экономиканы жеделдете әртараптандыру¬дың төмендегідей негізгі нәтижелеріне қол жеткізуге тиіспіз. ІЖӨ-дегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 13%-дан кем емес мөлшерін құрауы тиіс. Экспорттың жалпы көлемінде шикі¬зат¬тық емес экспорттың үлесі 27-ден 45%-ға дейін ұлғаюы тиіс. Еңбек өнімділігі өң¬деу өнеркәсібінде 2 есе, ауыл шаруа¬шы¬лығында кем дегенде 4 есе артуы керек. ІЖӨ-нің энергия сыйымдылығы 25%-дан кем емес мөлшерде төмендеуі тиіс. Кә¬сіпорындардың инновациялық актив¬те¬рінің үлесі 4-тен 20 %-ға дейін өсуі керек. 2015 жылдың өзінде-ақ аграрлық саланың экспорттық әлеуеті 4-тен 8%-ға дейін ұл¬ғайып, құрылыстың ішкі қажеттілік¬тері¬нің 80%-ы қазақстандық құрылыс мате¬риалдарымен қамтамасыз етілуі тиіс. Үкіметтің, барлық деңгейлердегі әкім¬дердің алдында тұрған нақты міндеттер міне, осындай. Біз сұрайтындар да міне, осылар. Сондықтан барлық компаниялар мен кәсіпорындар басшыларының жауапкершіліктерін арттыру қажет. Бұл жаһандық мәселе, мемлекеттілік мәселесі, тәуелсіздік мәселесі. Бес жылда Үкімет металлургия өнімдерінің өндірісі мен экспортының екі еселенуін, химия өнімдері өндірісінің үш еселенуін қамтамасыз етуі керек. 2015 жылға қарай бюджет кірістері, шикізатқа тәуелділікті төмендете отырып, жаңа жобалар есебінен 300-400 миллиард теңгеге өсіп шығуы тиіс.
4. Адам – елдің басты байлығы Елді жаңғырту стратегиясын іске асы¬ру¬дың табыстылығы, ең алдымен, қазақ¬стан¬дықтардың біліміне, әлеуметтік және дене болмысы, көңіл-күйлеріне байла¬нысты.
4.1 Білім беру 2020 жылға қарай қалалық, сол се¬кілді ауылдық жерлердегі барлық балалар мектеп жасына дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтылатын болады. Бізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің зор әлеуеті бар. Жеке меншік отбасылық балабақшалар мен шағын орталықтар – бұл мемлекеттік мекемелерге балама. Үкіметке әкімдермен бірлесіп үстіміздегі жылдың бірінші жартысында-ақ балаларды мектеп жасына дейінгі оқытумен және тәрбиемен қамтамасыз етуді арттыруға ба¬ғытталған “Балапан” арнайы бағдар¬ла¬ма¬сын әзірлеп, іске асыруға кірісуді тапсырамын. 2020 жылға қарай орта білім беруде 12 жылдық оқыту моделінің табысты жұмыс істеуі үшін Үкімет барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс. Кәсіптік және техникалық білім беру кәсіби стандарттарға негізделіп, қатаң түрде экономиканың қажеттіліктерімен өзара байланыстырылуы керек. Жоғары білім сапасы ең жоғары ха¬лық¬аралық талаптарға жауап беруі тиіс. Елдегі жоо-лар әлемнің жетекші универ¬си¬теттерінің рейтингіне енуге ұмты¬лулары керек. 2015 жылға қарай Ұлттық иннова¬ция¬лық жүйе толыққанды жұмыс істеп, 2020 жылға қарай елде енгізілетін талдаулар, патенттер мен дайын технологиялар түрінде өз нәтижелерін беруге тиіс. Білім беру саласында Астана қала¬сын¬да құрылып жатқан бірегей оқу орындары – “Жаңа Халықаралық Университет”, “Арнаулы Қор” және қазірдің өзінде табысты жұмыс істеп жатқан “Интеллек¬туал¬дық мектептер” секілді жобалар ерекше басымдыққа ие болмақ. Мен олардың менің есімімді алуына келісімімді бердім. Олардың отандық білім беру жүйесінің флагманы болып, осы заманғы оқу бағдарламаларын кейіннен оларды бүкіл республика бойынша енгізетіндей етіп әзірлеу мен байқап көру жөніндегі басты алаңға айналуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасау қажет. Осы оқу орындарының толыққанды жұмыс істеулері үшін Үкіметке үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында Парламентке тиісті заң жобасын әзірлеуді және Парламентке енгізуді тапсырамын.
4.2 Денсаулық сақтау Халық денсаулығы – ол Қазақ¬стан¬ның өзінің стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас құрамдас бөлігі. Бүгін біз медициналық қызметке нәтижелерге бағдарланған қаржыландыру мен ақы төлеу жүйесін енгізуді дайын¬даудамыз. Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің тиімді жүйесі үшін барлық қажетті базалық жағдайларды жасадық. Дәрілердің 50%-ы біздің елімізде шығарылатын болады. Білім беру мен денсаулық сақтау салаларындағы мемлекеттік кәсіпорын¬дар¬дың қызмет мәселелері жөніндегі республиканың заңнамалық актілеріне түзетулер енгізуді жеделдету қажет. Саламатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкерші¬лігі қағидаты – міне, осылар денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс. 2011 жылғы Азия ойындары үшін біз дайындап жатқан спорттық инфрақұры¬лымдар өңірлерді Астана мен Алматыдан қалып қоймауға итермелей отырып, бұқаралық дене шынықтыру-спорттық қозғалысын дамыту үшін қажетті алғышарттар жасайтын болады. Туризм және спорт министрлігі әкімдермен бірге елде бұқаралық спортты дамыту үшін бірлескен іс-шараларды анықтап, оларды нақты іске айналдыруы тиіс. 30%-ға дейінгі қазақстандықтар бұқаралық спортқа тартылуы керек. Осындай жағдайда ғана біз дамуды көре аламыз. Бұл бүкіл Үкіметтің міндеті де. Денсаулық сақтау нысандарын салу және жабдықтау, кадрларды даярлау, са¬ла¬матты өмір салты жөніндегі мемлекет¬тік шаралар кешені 2020 жылға қарай ана мен бала өлімін екі есе төмендетіп, жалпы өлімді 30%-ға азайтып, туберкулезбен ауруды 20%-ға қысқартуы тиіс. Бұл ретте өмір сүрудің күтілетін ұзақ¬тығы 72 жасқа дейін ұлғаяды. Осынау құр¬ғақ сандардың артында біздің азамат¬тарымыздың аман алып қалынған мың¬да¬ған өмірлері тұр. Бұл өте маңызды мақ¬сат. Біз оған міндетті түрде қол жет¬кізуіміз керек!
4.3 Өмір сапасын жақсарту және әлеуметтік қорғау Алда тұрған онжылдықтың аса маңыз¬ды міндеті – Қазақстанның барлық аза¬мат¬тарының өмір сапасы мен деңгейін жақ¬сарту, әлеуметтік тұрақтылық пен қор¬ғалуды нығайту. Ел халқы санының 2020 жылы 10%-ға өсуі үшін мемлекет барлық қажетті жағдайларды жасайтын болады. Біздің мемлекеттік әлеуметтік сая¬са¬ты¬мыздағы басты басымдық халықтың жұ¬мыс¬пен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан мен 2020 жылға қарай жұ¬мыссыздық деңгейі 5%-дан, ал табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 8%-дан аспайтын болсын деген міндет қоямын. Әлеуметтік қызметтер тек мұқтаж адам¬дарға көрсетіліп, қазіргі заманғы стан¬дарттар мен Қазақстандағы өмір деңгейіне сәйкес болуы керек. 2015 жылға қарай базалық зейнетақы төлемдері ең төменгі күнкөріс деңгейі көлемінің 60%-ы деңгейіне дейін өсіріліп, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері 2010 жылмен салыстырғанда 1,2 есе арттырылуы тиіс. Біз өз іс-әрекетімізде дәйектілікті ұс¬та¬намыз. Өткен жылы зейнетақылар, шә¬кірт¬ақылар, бюджет саласы қызмет¬кер¬лері¬нің еңбекақылары 25%-ға өсірілді. Әлеуметтік жәрдемақылар орта есеппен 9%-ға артты. Республикалық бюджетте үстіміздегі жылы да зейнетақыларды 1 қаңтардан бас¬тап, ал шәкіртақылар мен бюджет¬те¬гілер еңбекақыларын 1 шілдеден бастап жиырма бес пайызға өсіру қарастырылған. Өткен жылғы экономика өсімінің оң сер¬пінін шәкіртақылар мен бюджеттегі¬лер¬дің еңбекақыларын үш ай бұрын – 2010 жылдың сәуірінен бастап өсіруге мүм¬кіндік береді деп есептеймін. Үкі¬мет¬ке осы үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырамын.
4.4 Ардагерлерге қамқорлық Үстіміздегі жылы біз Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын атап өтеміз. Бұл біздің ортақ тарихымыздағы маңызды дата. Әрбір соғысқа қатысушы мен соғыс мүгедегіне бюджеттен 65 мың теңге мөлшерінде бір жолғы жәрдемақы төленетін болады. Сол сияқты соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген, Ұлы Отан соғысы уақытында қаза тапқан әскери қызметшілердің ата-аналары мен жұбайлары, қаза болған соғыс мүгедек¬те¬рі мен оларға теңестірілген мүгедек¬тер¬дің жұбайлары, соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлері де материалдық қолдаусыз қалмайды. Оның сыртында Жеңістің 65 жыл¬ды¬ғын кеңінен мейрамдауға байланысты соғысқа қатысушылар мен мүгедектерінің жеңілдікпен жол жүрулері үшін 383 миллион теңге қарастырылған. Бұл біздің әкелеріміз бен аталары¬мыз¬ға олардың жанқиярлық күресі мен жеңісі үшін, олардың біздерге бейбіт өмір¬ді қамтамасыз еткендері үшін көр¬сетілген құрмет.
4.5 Тұрғын үй-коммуналдық сектор саласындағы саясат Дағдарыс сабақтары тұрғын үй құрылысын дамыту саясатын жетілдіруді талап етеді. Ол үшін тұрғын үй құрылыс салымдары жүйесінде зор әлеует бар деп есептеймін. Азаматтардың, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің, мемлекет пен құрылыс компанияларының тең құқылы әртіптестігі қағидатын пайдалану қажет. Ол нені білдіреді? Азаматтар тұрғын үй құнының бір бөлігін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін¬де жинайды да, қымбат емес ипотекалық несие алу мүмкіндігіне ие болады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, түпкі нәтижесінде тапсырыс беруші ретінде көріне отырып, азаматтардың тұрғын үй жө¬ніндегі қалауларының пулын қалып¬тас¬ты¬рады, құрылыс инвесторлары мен тұр¬ғын үй құрылысын қаржыландыруға дайын екінші деңгейлі банктерді іздеуді жүзеге асырады. Мемлекет жергілікті атқарушы ор¬ган¬дар атынан жер телімдерін бөлуді және инженерлік коммуникациялар тартуды қамтамасыз етеді. Осылайша, азаматтар өз тұрғын үй¬ле¬рінің құрылысына толық құқылы қатыса алады. Төлем қабілеттілікке сұраныс та, құ¬рылыстың бақылануы да қамтамасыз етіледі. Үкіметке 2010 жылы “Жол кар¬та¬сы-2009” жоспары бойынша басталған тұр¬ғын үй-коммуналдық сектор нысан¬да¬рын қайта жаңғыртуды жалғастыруды, ал 2011 жылы тұрғын үй-коммуналдық ша¬руа¬шылықты кең ауқымды жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі жоспарын жасауды тапсырамын. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашы¬лық инфрақұрылымдарын жаңғырту өзін¬дік пайдалану шығындарын төмендетумен және ресурс сақтаушы технологиялар енгізумен қоса жүруге тиіс. Ауылдық жерлерді құбырлы сумен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыру қажет. Шағын қалаларда халықтың 100%-ы үшін сапалы су қолжетімді болуы тиіс.
5. Ішкі саяси тұрақтылық – 2020 Стратегиялық жоспарын іске асырудың сенімді іргетасы Ішкі саяси сала мен ұлттық қауіп¬сіз¬діктің 2020 жылға дейінгі негізгі мақ¬сат¬тары қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығайту болып қала береді. Жаңа онжылдықта біз өзіміздің эко¬номикалық жоспарларымыздың табыс¬та¬рын дәйекті саяси жаңғырту арқылы бекемдеп, саяси жүйемізді жетілдіруді жалғастырамыз. Және мұнда құқықтық реформа маңызды рөл атқаратын болады. Біз құқық қорғау жүйесін реформалау бойынша байыпты жұмыс жүргізуге тиіспіз. Бүгінде, өкінішке қарай, біздің барлығымызға тиімсіз басқарудан, құқық қорғау органдары функцияларындағы жанжалдан, тиісті кадрлық жұмыстың болмауынан, сондай-ақ ел құқық қорғау жүйесі қызметінде мөлдірлік пен бақылаудың жоқтығынан туындаған проблемалар анық көрінеді. Бұл сектор өткен жүйенің көптеген кем-кетіктерін сақтап қалған. Біздің жүйемізде жазалау айыптары 5%-дан аз болса, түзеу жұмыстары – 0,4%-ды, қоғамдық жұмыстар 0%-ды құрайды. Жазалаудың негізгі түрі бас бостандығынан айыру болып қалып отыр. Ешкім қамау орындарынан босағандарды оңалтумен айналыспайды. Осының салдарынан олар қылмыс¬керлер қатарын толықтыруда. Мен реформалардың бірнеше жалпы бағыттарын бөліп көрсетер едім. Бәрінен бұрын, құқық қорғау жүйесін оңтайландырып, әрбір мемлекеттік органның нақты құзыретін түзу керек. Біздің заңдарымызды ізгілендіріп, олардың сапасын арттыру қажет. Құқық қорғау жүйесінің қызметінде екпін ішківедомстволық мүддеден азамат¬тардың құқы мен мемлекеттің мүддесін қорғауға қарай ауыстырылуы тиіс. Бізге парламенттік және қоғамдық қатал бақылауды қамтамасыз ету керек болады, сондықтан әрбір құқық қорғау органының қызметінде есептілік пен бағалау жүйесін жетілдіру талап етіледі. Нәтижеліліктің өлшемі сандық көрсеткіштер емес, азаматтардың, заңды тұлғалар мен шетел инвесторларының сенімін арттырудың индикаторы болатын жұмыс сапасы болуы тиіс. Басқаша айтқанда, жаңа онжылдықта біз¬ге демократиялық мемлекеттегі құқық қорғау қызметінің жоғары халықаралық стандарттарына сәйкес келетін жаңа құ¬қық қорғау жүйесі қажет. Менің тап¬сыр¬мам бойынша, тиісті құжат жобасы дайындалды. Сондықтан Президент Әкімшілігіне, Үкіметке, Жоғарғы Сотқа, құқық қорғау ор¬гандарына құқықтық кеңістікті жетілдіру бойынша жүйелік жұмысқа шұғыл кірісуді тапсырамын. Сондай-ақ осы жылдың өзінде құқық қор¬ғау жүйелерін реформалау жөніндегі заң жо¬басын Парламентке енгізуді тапсырамын. Құрметті қазақстандықтар! Елімізде азаматтық қоғам институт¬тарын одан әрі қолдауға бағытталған саяси жаңғырту жалғаса береді. Бүгінде біздің ынтымақтастығымыз ортақ табысымыздың міндетті шарты бола түсуде. Осы онжылдықта алдымызда бірлесіп атқаратын ауқымды істер тұр. Мен Үкіметке Қазақстанның 2020 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге 1 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Бұл мемлекеттік тапсырыс аясында жүзеге асырылуы тиіс. Өткен жылы мен осы мінберден еліміздің барлық саяси күштеріне дағдарыстың қиын кезеңінде елімізге және қоғамға қолдау көрсету үшін партияаралық үнқатысуды орнықтыруды және бірігуді ұсынған едім. Менің бастамам қолдау тауып, 7 саяси партия Экономикалық дағдарыс жағ¬дай¬ында әлеуметтік және саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету туралы меморандумды бірлесе әзірлеп, оған қол қойды. Бұған үлкен ризашылығымды білдіремін. Бұл – мәні зор елеулі оқиға. Біз осы кезеңдегі саяси риториканың байыпты, ал сынның көп жағдайда сындарлы екенін көріп отырмыз. Бұл біз өмір сүріп, балаларымыз өсіп келе жатқан елімізде бейбітшілікті, ты¬ныш¬тық пен келісімді сақтаудың жалпы¬ұлттық құндылыққа айналғанын білдіреді. Енді партияаралық үнқатысудан нақ¬ты іс-қимылға көшетін кез келді. Өйт¬ке¬ні, түп¬теп келгенде, кез келген партия бол¬сын, қоғамдық ұйым болсын барша қазақстан¬дықтардың мүддесі үшін жұмыс істейді емес пе? Сондықтан мен барлық саяси пар¬тиялар мен қоғамдық бірлес¬тік¬тер¬ге елдің дамуы мен ұлттық бірліктің тиім¬ді жол¬дарын іздестіруге септесетін өзара іс-қи¬мылдың жаңа үлгісін әзірлеуді ұсынамын. Бұл іс жүзінде барлық саяси күштерді Отан игілігі үшін жұмысқа жұмылдыра¬тын болады. “Нұр Отан” партиясы бұл істе біріктіруші рөл атқаруы тиіс. Болашаққа белгіленген орасан зор міндеттерді ұйыстырушы ұлттық стратегиясыз орындау мүмкін емес. Егер біз табысқа жеткіміз келсе, онда мына төрт қағидатты басшылыққа алуға міндеттіміз: Біріншіден, біздің ең басты құндылы¬ғы¬мыз – ол Отанымыз, Тәуелсіз Қазақстан! Екіншіден, мемлекет және оның әрбір азаматы қай жерде де қоғамның тұрақты¬лы¬ғы мен елдің әл-ауқатына кері әсерін тигізуі ықтимал кез келген қадамға бар¬мауы тиіс. Үшіншіден, экономикалық өрлеу – әрқайсымызға қатысты бүкілхалықтық іс. Бұл – қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешудің және баршамызды табысқа бастаудың кілті. Төртіншіден, өңірлік және әлемдік нарыққа интеграциялану – дамудың аса маңызды шарты. Құрметті қазақстандықтар! Болашаққа белгіленген ұлан-ғайыр міндеттерді біріктіруші ұлттық страте¬гия¬сыз жүзеге асыру мүмкін емес. Егер біз табысқа жеткіміз келсе, онда біздің әрқайсымыз мынадай қағидаттарды негізге алуға міндеттіміз: Бірінші – бәрінен бұрын біздің Отанымыз, Тәуелсіз Қазақстан! Екінші – мемлекет және әр азамат ел ішінде, сондай-ақ оның сыртында қоғам¬дағы тұрақтылық пен қазақстандық¬тар¬дың игілігіне кері әсерін тигізуі ықтимал кез келген қадамдардан бас тартуы тиіс. Үшінші – экономикалық өрлеу – әр¬кімнің ісі. Бұл – басым әлеуметтік мәсе¬лелерді шешудің, бүкіл қоғам мен әрбір қазақстандықтың берекеттілігінің кілті. Төртінші – өңірлік және әлемдік нарыққа интеграциялану – дамудың аса маңызды шарты.
6. Сыртқы саясат Қазақстанның сыртқы саяси бағыты Сыртқы саясат тұжырымдамасына негізделетін болады. Ұлттық мүдделерді қамтамасыз етуге, елдің халықаралық беделін арттырып, ұлт¬тық, өңірлік және жаһандық қауіп¬сіздікті нығайтуға бағытталған белсенді, прагматикалық және теңдестірілген сыртқы саясат жүргізілетін болады. Қазақстан халықаралық қатынастар¬дың жаңа архитектурасын және әлемдік сауда-қаржы жүйесінің сұлбасын қа¬лыптастыру кезінде жаһандық шешімдер қабылдау үдерістеріне қатысу ниетінде. Қазақстан барлық қазіргі бар ұжым¬дық қауіпсіздік жүйелері арасындағы стратегиялық үнқатысуды жолға қоюға белсенді жәрдемдесетін болады. Қазақстан өңірлік және жалпыәлемдік эко¬номикалық үдерістердің жауапты қатысушысы ретіндегі өзінің рөлін толық көлемінде сезіне отырып, оны өз тәуел¬сіздігінің барлық жылдары бойында мінсіз орындап келеді. Сондықтан әлемнің жетекші елдерінің көшбасшылары мен беделді халықаралық ұйымдардың басшылары – экономи¬ка¬лықтан гуманитарлыққа дейінгілердің бәрі – өздерін Қазақстанның досы санайды. Біз мұны мақтаныш етуге тиіспіз. Қазақстанның жоғары халықаралық беделі біздің елімізге Еуропадағы қауіп¬сіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымға төраға болуға мүмкіндік берді. Бұл – біз үшін үлкен абырой. Бұл – ЕҚЫҰ-ға адамзаттың жаңа та¬рихындағы аса күрделі кезеңде төрағалық етудің аса жоғары жауапкершілігі. ЕҚЫҰ оған қатысушылардың бірегей географиялық құрамымен – ал бұл үш құр¬лықта орналасқан 56 мемлекет, мем¬лекеттердің өзара ықпалдасуының бай тәжірибесімен халықаралық қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың шешуші тетіктерінің бірі болып табылады. Біз ЕҚЫҰ-ға төрағалыққа қатысты өзіміздің ұстанымдарымызды белгілеп алдық. Сондықтан бұл туралы егжей-тегжейлі айтпай-ақ қояйын. Қауіпсіздік жөніндегі аса ықпалды ұйымға қазақстандық төрағалық мынадай ұранмен өтетін болады: “Сенім. Дәстүр. Ашықтық. Төзімділік”. Біз көптеген көкейкесті мәселелерді шешу жолдарын бірлесе іздеп, ықтимал дағдарысты жағдайлардың алдын алу үшін бірлескен тетіктерді әзірлейтін боламыз. Біз қауіпсіздіктің негіз қалаушы мә¬се¬лелері бойынша, сондай-ақ Ұйымның өзін дамыту мәселелері бойынша консенсустық алаңды кеңейту және нығайту ниетіндеміз. Біз ЕҚЫҰ ХХІ ғасырдағы әлемнің көпқырлылығын танитын құрылым болуы үшін бәрін де жасайтын боламыз. ЕҚЫҰ-ға мүше көптеген мемлекеттер Қазақстанның жоспарларына, сонымен қатар, үстіміздегі жылы Астанада ЕҚЫҰ-ның Саммитін өткізу туралы менің ұсынысыма қолдау білдірді. Мен Саммитте ЕҚЫҰ-ның жауапкер¬ші¬¬лігі аймағында қауіпсіздіктің көкей¬кес¬ті проблемаларын, Ауғанстандағы жағдайды және төзімділік мәселелерін талқылауды ұсындым. Біздің ЕҚЫҰ-дағы төрағалығымыз бүкіл әлем халықтарының қауіпсіздігін дамыту мен өркендетуге бағытталатын болады. Құрметті қазақстандықтар! Құрметті Парламент депутаттары! Көріп отырғандарыңыздай, біз елімізді дамытудың жаңа кезеңіне дайынбыз. Ауқы¬мы жөнінен осындай күрделі де ұлан-ғайыр міндеттерді біз бұған дейін шешкен емеспіз. Біз өзіміздің барлық мүмкіндіктерімізді егжей-тегжейлі сараптап, он жыл бұрынға есептеп қойдық. 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасы сіздерге таратып беріледі және баспасөзде жарияланады. Біз не, қашан, қалай жасалатынын және құрылатынын іс жүзінде айлар бойынша білеміз. Және, ең бастысы, жоғарыда айтылғанындай, біздің барлық іс-қимылдарымыз қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген. Біз алдымызда қандай қиындықтар тұрғанын білеміз. Әлемдік дағдарыс әлі аяқталған жоқ, бірақ оның өткір кезеңі артта қалды. Өткен жылдағыдай, форс-ма¬жорлық жағдайлар біздің жоспар¬ларымызға қандай да бір өзгерістер енгізуі мүмкін, бірақ мен біздің бас желіміз жалғастырылатынын ескерте¬мін. Біздің бағдарламамыздың мәні мен маңызы осында. Әркім сапалы медициналық қызметке қолжетімділік алады. Балалар бақшасынан бастап универ¬си¬тетке дейінгі сапалы білім бүкіл еліміз бойынша әр отбасына қолжетімді болады. Елімізде тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетудің сапасы айтарлықтай жақсарады. Зейнеткерлер, мүгедектер мен аз қамтамасыз етілген отбасылар сенімді қорғалатын болады. Жастар – біздің болашағымыздың негізі – өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктеріне қол жеткізеді. Бұл – сіздердің әрқайсыларыңыздың алдынан, сіздердің отбасыларыңыздың алдынан, біздің еліміздің алдынан ашылатын жаңа мүмкіндіктер. 2030 жылға дейінгі Даму стратегия¬сын¬да айқындалған біздің стратегиялық мақсаттарымызға қол жеткізу жолында жұмыла отырып, біз өзіміздің миссия¬мыз¬ды табысты орындаудамыз – тәуел¬сіз, өркендеген, саяси тұрақты Қазақ¬станды құрудамыз. Біз бүкіл қоғамды, партияның барлық мүшелерін алдағы онжылдық міндеттерін түсіндіру мен іске асыруға жұмылдырып, іс жүзінде бұл жұмысқа жетекшілік ететін және оны өзінің бағдарламасы жасайтын “Нұр Отан” партиясының мүшелеріне үлкен үміт артамыз. Қымбатты менің отандастарым! Өзімнің сіздерге арнаған сөзімді аяқтай келе, былай дегім келеді: біз бір¬лесіп Қазақстанды табысқа жетуші жасай алдық және бірлесіп оны өркендеуші жасай аламыз. Қымбатты менің отандастарым! Халқымызда “Ынтымақты елде бақ тұрар” деген дана сөз бар. Біз қазығы берік, мемлекеттігі бекем, төрт құбыласы сай Қазақ елінің айбынын асырып, атағын әлемге әйгіледік. Біз толайым табыстарға қол жеткізіп, биік белестерді бағындырдық, алайда алар асуымыз әлі де алда. Біз сияқты халқының саны аз, эко¬номикасы даму үстіндегі елге технология ауадай қажет. Сонда ғана әлемнің алып мемлекеттері мен төңірегіміздегі елдер бізбен санасады. Бұл бағдарламаның түпкі мақсаты – еліміздің тәуелсіздігін баянды ету, қа¬зақ¬тың ұлт болып өркендеуіне жол ашу, оның тілі мен мәдениетінің кең құлаш жаюына мүмкіндік туғызу. Келер ұрпақтың жүзін жарқын ететін бұл мақсатқа біз асқан табандылықпен ел бірлігін сақтай отырып қана қол жеткізе аламыз. Мен осы күндері Қазақстанның бүкіл аумақтарынан мыңдаған хаттар мен же¬делхаттар аламын. Әсіресе, Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақ¬тас¬тық ұйымына төраға болуына және атқарып жатқан жұмысыма байланысты көптеген хаттар келуде. Халықтың көңіл-күйін сіздер түсіну үшін соның біреуін оқып берейін: “Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, қазақ бүгін Еуропаның төріне шықты. Бұл – бүкіл қазақ халқының қуанышы мен мақтанышы. 85 мыңнан астам халқы бар шекараның шебінде, елдің ең шетінде жатқан біз үшін қауіпсіздік пен ынты¬мақтастықтың маңызы ерекше. Бұл – халықтың ең басты мақсаты мен мұраты. Қазақ қашан қарт Еуропаның төріне шықпақ түгілі, есігінен бұрын-соңды сығалап көріп еді? Өзіңізге, қазағымызға осы биік мәртебеде абырой берсін. Бұл жақта еліміз – аман, жұртымыз – тыныш, ең бастысы – балалары¬мыз¬дың ұйқысы бұзылған жоқ. Аузымызда – тәубеміз, қолымызда қауғамыз, хал¬қымыздың ынтымақ-бірлігі қалыптасты. Берекеміз кіріп, ел тірлігі күннен-күнге ілгері басуда. Даламыз – дәнге, өрісіміз – малға, үй-ішіміз – жанға толды. Бар¬лық ісіңізге Алла жар болсын”. Райымбек ауданының құрметті азаматы Совет Оразаев. Еліміздің оңтүстігі мен солтүстігінен, батысы мен шығысынан келіп жатқан осындай мыңдаған қолдау хаттар біздің халқымыздың кеңдігі мен шыдамды¬лығын, сауаттылығы мен мол түсінігін, дүниеде болып жатқан оқиғаларды, ішкі және сыртқы жағдайды қарап, дұрыс аңғарып отырғандығын білдіреді. Сондықтан дәл осындай санамен, біліммен және табандылықпен осы бағдар¬ламаны орындауға қол жеткізуіміз керек. Ол жалғыз Президенттің немесе Парламент пен Үкіметтің ғана шаруасы емес. Біз болашағымыздың жарқын болғанын көргіміз келеді. Олай болса, осы іске жеңді түріп кірісуіміз керек. Ендеше, құрметті ағайын, ынтымағы жарасқан еліміздің бағын асыратын, мерейін тасытатын үлкен істе баршаңызға сәттілік тілеймін.
Рахмет.
|
|
Президенттің жолдауы 2009 |
|
|
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы
ДАҒДАРЫСТАН ЖАҢАРУ МЕН ДАМУҒА
Қадірлі қазақстандықтар! Қымбатты менің отандастарым!
Қазір бүкіл әлем жұртшылығы эко¬но¬микалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалта бастағанын бәріңіз көріп, біліп отырсыздар. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Оқтын-оқтын айналып соғатын әр деңгейдегі дағдарыстарға біз бұған дейін де төтеп беріп келгенбіз. Тәуелсіздік шежіресін парақтасақ, күйреген кеңестер империясының орны¬на жаңа мемлекет құру бізге оңайға түскен жоқ. Тұралап қалған экономи¬каны қайта қалпына келтіру, оны жаңаша даму жолына түсіру – тақыр жерден тау тұрғызғанмен бірдей еді. Ел болып ол қиындықтарды да еңсеріп өттік. Өткен ғасырдың соңында Шығыс Азияда басталған кезекті дағдарыс тұсында тәуелсіздігіміз тағы бір сынаққа түскен болатын. Дер кезінде қабылданған дұрыс шешім, ұтымды іс-қимылдың арқасында біз одан да аман-есен өте шықтық. Біз осылайша сындарлы жылдар мен күрделі кезеңдерде лайықты тәжірибе жинақтап, ысылып, шыңдала түстік. Ел дамуының жаңа бағыттарын ай¬қындап, қарыштап алға басумен болдық. Сол сияқты қазіргі әлемдік дағдарыс та өткінші құбылыс. Халқымыз мұндай күйзелістер кезінде “көппен көрген ұлы той” деп, сабыр сақтап, ынтымақ-бірлігін бекіте түскен. Қиындықтарды бірлесіп жеңіп отырған. Мемлекет дағдарыстың алдын алу¬дың барлық шараларын жасауда. Ұлттық қордан бөлінген ауқымды қаражат қазір отандық экономиканың кідіріссіз жұмыс істеуіне қызмет ете бастады. Әлеуметтік кепілдіктер толығымен сақталып отыр. Олай болса, бұл дағдарыстан да біздің аман-есен өтетініміз айдай анық. Дағдарыстар өтеді, кетеді. Ал мемле¬кет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ бола¬шағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады. Алдымызда бізді үлкен белес күтіп тұр. Ол – Қазақстан тәуелсіздігінің жиырма жылдығы. Дүние дамуымен есептегенде жиыр¬ма жыл деген көп те емес шығар. Бірақ біз үшін үлкен кезең тұтас бір дәуірмен барабар. Олай болатыны, тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты. Сол себепті тәуелсіздіктің әрбір жылының біз үшін мәні бөлек, маңызы айрықша. Халқымыздың басына түскен қандай да бір сынаққа қарамастан біз тәуел¬сіздігімізді нығайту жолындағы жа-сампаз істерімізді жалғастыра бер¬мек¬піз. Барша қазақстандықтардың жұмған жұдырықтай бірлігінің арқасында біз алмайтын асу, біз жеңбейтін кедергі болмайды. Солай боларына нақты сеніңіздер, құрметті отандастар! Құрметті қазақстандықтар! Қымбатты отандастар!
Іс жүзінде жиырма жыл бойы күн¬нен-күнге біз сіздермен жаңа елді құру үстіндеміз. Ашық та өркенді елді. Жылдан-жылға қазақстандықтардың әл-ауқаты жақсара түскен елді. Саяси тұрақты және өз азаматта¬рының қауіпсіздігін қамтамасыз еткен елді. Ешқашан және ешкім үшін сыртқы қатер көзі болмайтын елді. Ондаған жылдар оза қабылдаған Қазақстанның даму стратегиясы, оны елдің нақты табыстарына айналдыру тәжірибесі бізге өз күшімізге деген сенімділікті берді, біз таңдап алған жо¬лымыздың дұрыстығына көз жеткіздік. Нақ сондықтан да бұдан екі жылдан астам бұрын басталған әлемдік қаржы рыноктарындағы дағдарыстың әу басында біз дағдарысқа қарсы шаралар¬дың кешенді жүйесін әзірлеп, дәйек¬тілікпен іске асырып келеміз. Біз ішкі және сыртқы конъюнк¬тураны жіті қадағалап, еш кідіріссіз табанды шараларды қолға алудамыз. Нақ сон¬дықтан да жаһандық азық-түлік дағда¬рысы біз үшін ұлттық апатқа айналған жоқ. Бірақ бүгінде бүкіләлемдік эконо¬миканы діңкелетіп үлгерген эконо¬микалық дағдарыс біздің беріктігімізді сынаққа салуда. Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың сәйкессіздігінде жатыр. Дағдарысты болдырмау және бәрін алдын ала көздеу мүмкін емес еді. Оны еңсеруге әлемнің жетекші экономикалары қазірдің өзінде 10 триллионнан астам АҚШ долларын, яғни бүкіл әлемдік ІЖӨ-нің іс жүзінде 15 пайызын жұмсады. Бірақ та ахуал жақсы жаққа қарай әлі өзгеретін емес. Дағдарыс өз ауқымына дәйектілікпен Америка континентін, Еуропа мен Азияны тартты. Бүкіл жағдайға қарағанда, ол ұзаққа созылады. Талдамашылар айтқанындай, әлемдік экономика өз құлдырауында әлі шыңырау түбіне жеткен жоқ. Әлемде болып жатқан үдерістерге өз көзқарасымды мен өзімнің “Дағдарыс¬тан шығу кілті” атты мақаламда баян¬дадым. Оған түрліше қарауға болар, бірақ та біз, қазақстандықтар, осынау дағдарыстан шығудың жалпы ізденісіне өз ойымызды қостық. Дағдарыс қатар¬дағы емес, одан шығудың нұсқалары мүлдем әртүрлі болуы тиіс. Мен осынау жаһандық дағдарыстан кейін әлемдік қаржы жүйесі, бәлкім, мем¬лекеттерді саяси басқаруда өзгереті¬ніне сенімдімін. Көпшілік экономиканы “қолмен басқару” қажеттігіне келіп отыр, ал реттеу осы дағдарыстан шығу¬дың аса маңызды ісіне айналуда. Сондықтан да тереңде түбегейлі көзқарас әлемдік қоғамдастықта әлемдік нарықтық экономиканың келесі бұры¬лыстарында бізді қауіпсіздендіру жолын табуға көмектеседі. Сондықтан мен ұсынған түбегейлі шаралар әлемдік қоғамдастықта талқыла¬натын болады. Менің ұсынысым – бұл жаһандық проблемаларды шешу ізденісіне қосқан үлесім. Бірақ та бүгінгі нақтылық мынадай, әлемдегі іскерлік белсенділіктің қысы¬луы мұнай мен металға деген сұраныс¬тың төмендеуіне соқтырды. Ал бұлар – Қазақстан экспортының негізі. Бір жылда мұнай бағасы 4 есе дерлік, металл бағасы 2 есе дерлік құлап түсті. Біздің негізгі сауда-саттық әріптес¬теріміз әрі жақын көршілеріміз – Ресей мен Украина өздерінің ұлттық валю¬таларын 40-45 пайызға құнсыздандырды. Сондықтан да біз өзіміздің тауар өндірушілеріміздің мүддесі тұрғысынан теңгенің құнсыздануына баруға мәжбүр болдық. Өйтпесек қазақстандық өнім өзінің бәсекеге қабілеттілігін жоғалтар еді. Біз елдің алтын-валюта резервін жұмсауды жалғастыра берер едік.
Құрметті қазақстандықтар!
Өкінішке орай, қиын сынақтар мен дағ¬дарыс қысымының салмағы әлсі¬ре¬мей тұр. Мұны сіздер де білуге тиіс-сіздер. Бірақ та мынаған сенімді болуға тиіс¬сіздер, біз бұл сынақтарға дайын ғана емеспіз. Біз оларды еңсереміз және осы дағдарыстан әлдеқайда күшті және өркенді мемлекет болып шығамыз. Біз әлемдік қауымдастықтағы өз ұстанымымызды сақтаймыз. Ұлттық қорды құра отырып, біз қор¬ланудың мақсатты саясатын жүргіздік. Бұл қорды құру керек пе, әлде қаржыны баршаға аз-аздап үлестіреміз бе дегенге орай қаншама талас жүргенін сіздер жақсы білесіздер. Қазіргідей бюджетке алымдар 20 %-ға төмендеген кезде зейнатақы және жалақы төлеумен не істер еді? Жақсы уақытта осы қорды құра отырып, біз дұрыс істедік. Өзінің ертеңгі күні туралы ойлайтын мемлекеттер осылай істеуге тиіс. Сол арқылы біз осы тұрпатты сілкіністер мүмкіндігінің алдындағы экономикамыздың беріктік қорын қамтамасыз еттік. Өмірге қабілетті және икемді экономика жасау үшін біз дәйектілікпен күрделі құрылымдық реформаларды жүргізіп, экспорттық әлеуетті ұлғайттық және әртараптандыруды бастап кеттік. Нақ сондықтан да бүгінде біздің айтарлықтай мүмкіндігіміз бар және ойластырылған әрі тиімді дағдарысқа қарсы саясат жүргізуге жағдайымыз жетеді. Көптеген мемлекеттердің пайда болған жаһандық дағдарысқа жауап берген шарасы ынталандырушы экономикалық шаралар пакетін қабылдау болды. Қазақстан әлемдік экономиканың өскелең турбуленттілігіне жедел үн қатқан және алдын алу шараларын іске асыруға кіріскен әлемдегі алғашқы мемлекеттердің бірі болды. Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін біз банктерге қосымша өтімділік бердік. Бұл шағын және орта бизнестің, ірі кәсіпорындардың эконо¬микалық белсенділігін қамтамасыз ету үшін жасалды. Жеке тұлғалардың салымдары бойынша кепілді өтеудің сомасы 700 мың¬нан 5 миллион теңгеге дейін ұлғай-тылды. Мемлекет сыртқы қарыз алумен және меншік капиталының жеткілік¬тілігімен байланысты банк секторының тәуекелдерін төмендетуге көмектесті. Тұрғын үй құрылысына және үлес¬керлер проблемаларын шешуге қолдау білдіруге 545 миллиард теңге жұмсалды. Елде іскерлік белсенділігін сақтау үшін біз шағын және орта бизнес субъектілеріне 275 миллиард теңге көле¬мінде бұрын-соңды болмаған қаржылық қолдау жасадық. Әкімшілік кедергілерді табанды қысқарту жөніндегі жұмыс жалғастырылды. Негізгі салықтар бойынша ставкалар¬ды әлдеқайда төмендеткен жаңа Салық кодексі іске қосылды. Өткен жылмен салыстырғанда, кор¬по¬ративтік табыс салығы биылғы жыл¬дың өзінде үштен бірге төмендетіліп, 20 пайызды құрайды, ал 2011 жылы 15 пайыз болады. ҚҚС ставкасы 12 пайызға дейін төмендетілді. Әлеуметтік салық ставкасының регресті шкаласы¬ның орнына 11 пайыз көлеміндегі бірың¬ғай ставка енгізілді. Инвестиция¬ларды жүзеге асыратын кәсіпорындар үшін салық преференциялары көзделген. Осының бәрі экономиканың шикізаттық емес секторын, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың аса маңызды ынталандырғышының біріне айналды. Мемлекеттік сатып алулар туралы Заң отандық өндірісшілерге артықшы¬лық береді, мұның өзі де шағын және орта бизнеске қолдау білдіруге бағыт¬талған. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 280 миллиард теңге, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға 120 миллиард теңге бөлінді. Тұтастай алғанда ел экономикасына дағдарысқа қарсы мақсаттарда қосымша 2 триллион 700 миллиард теңгеден астам жұмсалды. Бұл әлемдік дағдарыс салдарын ең¬серу үшін қуатты ынталандыру екенімен келісерсіз. Біз табанды да жедел әрекет етеміз, өйткені әлемдік дағдарыстың біздің экономикамыз бен қоғамымызға соққы күшін әлсірету үшін қашан және не істеу керектігін білеміз. Бұған ел Үкіметі мен Парламентінің бірлескен жедел жұмысы жәрдемдесті. Құрметті менің отандастарым, осы кезеңнің қыспағына бәріміз бірге қарсы тұруға тиіс екенімізді сіздер түсінсе екен деймін. Үкімет әлеуметтік төлемдерді және бюджетшілердің жалақысын ұлғайту жөніндегі мемлекеттің барлық міндет¬темелері толық көлемінде сақталуына кепілдік беруге міндетті. Бұрынғы жоспарланғанындай, 2010 жылы бюджетшілердің жалақысы және шәкіртақы 25 пайызға, ал 2011 жылы та¬ғы да 30 пайызға ұлғайтылатын болады. Зейнетақының орта мөлшері 2010 жылы 25 пайызға және 2011 жылы 30 пайызға ұлғайтылады. Бұл ретте 2011 жылы базалық зей¬нет¬ақылық төлемдер мөлшері ең төменгі өмір сүру мөлшерінің 50 пайызына дейін өседі. Өздеріңізге белгілі болғанындай, мемлекет оқу ақысын төлеу үшін қаржысыз қалған студенттерге қолдау білдірді. Мемлекет барлығы студенттер үшін 11 мың грант және 40 мың несиені қосымша бөліп отыр.
Құрметті қазақстандықтар!
Біздің алдымызда дағдарыс салдарын еңсеру және келесі экономикалық өсуге әзірлену жөнінде үлкен міндеттер тұр. Қазірдің өзінде біз қабылдағанның бәрі – бұл бүгінгі дағдарыс туындатқан ағымдағы проблемаларды шешу. Мен тоқтап қалмауды, одан әрі жүруді және дағдарыстан кейінгі елдің дамуын қамтамасыз ету үшін экономи-каны одан әрі жаңғырту және жұмыспен қамту стратегиясын іске асырудың жаңа жоспарын жүзеге асыруды ұсынамын. Ең қиын жылдары біз салуды бастап, елдің жаңа байтағын – Астананы, біз осыны жүзеге асыра алатынымызға еш¬кім сенбеген кезде тұрғыздық. Біз осыны жасадық, мұны бүкіл әлем көріп отыр. Келіңіз¬дер, осы жақсы тәжірибені жалғас¬тыратын болайық. Иә, жаңа қаражат қажет. Осы мақсат¬та дәстүрлі түрде Ұлттық қорға есептеліп келген шикізаттық сектордың табыстарын 2009-2010 жылдары жаңа жоспарды жүзеге асыруға жұмсау дұрыс болады деп санаймын. Тұтастай алғанда бұл Ұлттық қордан бекітіліп қойылған трансферттерге қосымша шамамен 600 миллиард теңгені құрайды. Бұл – уақытша, бірақ та қажетті шара. Бұл ретте біз қазіргі сәтте бар елдің жалпы резервінің сол көлемін, яғни 47 миллиард американ долларын сақтаймыз. Бұл бізге осы дағдарыс жалғасқан жағдайда тұрақтылыққа деген сенімділік береді. Қаражаттың басқа бір көзі – бұл бюджеттің барлық шығындық баптары бойынша қатаң үнемдеу және аса қатал қаржы тәртібі. Осыны ескере отырып Үкіметке республикалық бюджет шығындарын оңтайландыруды және апта сайынғы мониторинг режімінде бюджеттік қаражаттың жұмсалуын жіті бақылауды тапсырамын. Осыған сондай-ақ біздің депутаттарды да шақырамын. Қауырт өсу кезеңінде үйреншікті болып кеткен ысырапқорлық ойлы тұ¬ты¬нумен және үнемдеумен ауыстыры-луы тиіс. Ашығын айтайық, бізге ақша пайда болған осы жылдары сұраныс көбейіп, штаттар қампиып кетті және іссапарлар саны, әрқилы ауқымды мәдениет күндерін өткізу ұлғая түсті. Осы мәселеде баршаның ойланғаны керек. Қаржы тәртібін бұзушыларға дағда¬рыс уақытының заңы бойынша қатал сұраныс қойылуы тиіс. Барлық басым емес шығындар – әкімшілік, инвести¬циялық және басқа шығындар – нөлге теңестірілуі тиіс. Бұл жергілікті бюджеттерге де қатысты. Босаған қаражат бізге, ең алдымен, қазақстандықтардың еңбекпен қамтылу стратегиясын іске асыру мүмкіндігін береді. Ол бізге дағдарыс ауыртпалығын еңсеруге ғана көмектесіп қоймайды, сонымен бірге дағдарыстан кейінгі уақытта экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз етеді. Ол әрбір қазақстан¬дық отбасына жаңа мүмкіндіктер беруі тиіс. Жұмыс орындарының жеткіліктілігі Үкімет мүшелері мен әрбір әкімнің Қазақстан экономикасының тұрлаулы дамуын қамтамасыз етуге қабілеттілігі айқындалатын негізгі көрсеткіш болуы тиіс. Әрбір әкім, әр министр апта ішінде қанша жұмыс орнының қысқарғанын және жергілікті орындарда қаншасын ашқанымызды білуі тиіс. Нақ осы тұр¬лаулы дамудың негізі болып табылады. Өңірлік жұмыспен қамтылуды және кадрлардың қайта даярлануын қамтама¬сыз ету үшін мен Үкіметке кем дегенде 140 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Жергілікті бюджеттерден де жұмыс¬пен қамту стратегиясын бірлесе қар¬жыландыруға ресурстар бөлінуі тиіс. Жұмысынан айырылғандар үшін жаңа жұмыс орындарын құратын боламыз. Біз кем дегенде 350 мың қазақ-стандықты жұмыспен қамтамасыз ете аламыз, бұл қазіргі қоғамдық жұмыстарды есептемегенде. Бізде еңбек рыногын дамыту үшін мүмкіндіктер бар, оларды ойлап табу керек емес. Нақ осыған біз қосымша бөлінген қаражатты жұмсаймыз. Біріншіден, бұл коммуналдық желі¬лерді қайта жарақтандыру және жаңғырту. Бұл – сумен қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз ету, энергетика мен кәріз сулардың нысандары мен желілері. Үкіметке әкімдермен бірлесіп осы мақсатқа кететін қажетті шығындарды анықтауды, жұмыстарды қаржылан-дыруды ғана емес, сонымен бірге бюд¬жеттен бөлінген әрбір теңгенің пайда¬ла¬нылуын қатаң бақылауды тапсыра¬мын. Бұл көзге көрінбейтін жұмыс, бірақ та бізге оны бәрібір істеуге тура келеді. Ол – болашақ дамудың негізі. Бұл қалалар мен жергілікті орындарда орасан көп жаңа жұмыс орындарын ашудың мүмкіндігі. Біз халқымыздың сатып алу қабілетін арттырамыз. Егер парасатпен жұмыс істей білсек, босаған адамдарды жаңа мамандықтарға үйрету керек. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашы¬лықты әлдеқашан-ақ ретке келтіру керек еді. Келіңіздер, қазір осымен айналы¬сайық. Екіншіден, бұл жергілікті мәндегі автомобиль жолдарын салу, қайта жарақтандыру және жөндеу, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылымды, ең алдымен мектептер мен ауруханаларды жаңарту. Бұл енді ӘКК-лердің міндеті, олар халықтың барынша жұмыспен қамты¬луын қамтамасыз етуге міндетті. Мәселенің қаржылық жағы – Үкімет пен әкімдердің құзырында. Біз қазір халықпен келісіп, тура айтуға тиіспіз: құрылысы басталған мектептер мен ауруханаларды салып бітіреміз. Жағдай осылай болып тұрғандықтан, біз жаңаларын кейінге қалдыра тұрамыз, алайда қаражатты қолданыстағы мектептерді, аурухана¬ларды, медициналық пункттерді жөндеу¬ге жұмсаймыз. Осылай жұмыс орын¬дарын да құрамыз. Сондай-ақ, біз салуды белгілеген магистралдық автомобиль және темір жолдарын да тоқтата тұруға тура келеді. Мұның орнына ақшаны облыс орталық¬тарының, қалалардың төңірегіндегі жолдарды, ауданаралық жолдарды ретке келтіруге жұмсаймыз. Осылайша біз тылымызды бекіте түсеміз. Үшіншіден, әрбір нақты елді мекен¬дегі жергілікті мәндегі нысандар. Бұл жергілікті биліктің шешуі бойынша жолдарды, клубтарды немесе басқа нысандарды абаттандыру мен көгалдан¬дыру, жөндеу. Бұл мақсаттарға атаулы трансферттер бөлінуі тиіс. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары ретінде аудандық мәслихаттарға қаражат бөлінуі тиіс. Жұмыспен қамтудың жергілікті проблемалары мен мәселе¬лерін шешу үшін бұл қаражатты қайда жұмсау керектігін олардың өздері шешетін болсын. Бұл жұмыстың тиімділігі үшін дербес жауапкершілікті тұтастай әкімдерге жүктеймін. Аталған барлық жобаларды іске асыру үшін біз жергілікті өндірісші¬лердің әлеуетін барынша пайдалануға тиіспіз. Егер қажетті өндірістер бүгінде жоқ болса, оларды құру керек, мұның өзі бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Біз Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы¬ның қарсаңында тұрмыз. Осы датаға орай бүкіл Қазақстанда кең ауқымды жұмыс өрістеуі керек. Бұл біздің ұрпағымыз үшін, біздің халқымыз үшін ұмытылмас жылдар. Қазақ ұлтының және бүкіл Қазақстанның тарихында мұндай кезең болған емес. Осының барлығына тереземіз тең, керегеміз кең ел болғанның арқасында қол жеткіздік, ел ретінде, қазақ ретінде, мемлекет ретінде мұндайлық сәулелі күннің басымызға тәуелсіздіктің арқасында ғана қонғанын біздің ұрпақ ұмытпақ емес. Ел шежіресіндегі ерекше бұл белеске біз барынша дайындықпен баруымыз керек. Қазірден бастап әр ауылдың кем-кетігін қалпына келтіріп, көгалдандырып, жолдарымызды жөндеп, үйлеріміздің іші-сыртын әрлесек, елдің де көңілі көтеріле түседі. Сондықтан бұл жұмысты біз қазірден бастауға тиіспіз. Әр ауыл әкіміне шамамен 50-100 миллион теңгедей аздап ақша бөлсек, олар аудандық мәслихат¬тар¬дың бақылауымен қандай да бір қиындық көріп жатқан тұрғындарға қажетті мәселелерді шешер еді, шағын несиелер берер еді. Осылайша біз жұмыспен қамтылу мәселесін шешіп қана қоймаймыз, сонымен бірге біздің елімізде жаңа өндірістердің пайда болуы үшін ынталандыру жасаймыз. Төртіншіден, бұл әлеуметтік жұмыс орындарын кеңейту және жастар практикасын ұйымдастыру. Халықты жұмыспен қамту туралы қолданыстағы Заң бізге бюджет қара¬жатын осы мақсатқа пайдалануға мүмкіндік береді. 2008 жылы 13 мыңнан астам адам осы бағдарламалар бойынша өз мүмкіндіктерін іске асырды. Біздің бүгінгі міндетіміз – қазіргі бар бағдарламалардың аясын кеңейту. Осы мақсатқа қосымша 8,6 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Сонда біз 96 мыңға жуық адамды жұмыспен қамта¬масыз етеміз. Осымен бір мезгілде біз Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан жұмыссыздығы бойынша жәрдемақы төлеудің барынша ұзақ мерзімін 4-тен 6 айға дейін ұлғайтуға тиіспіз. Әлемдік дағдарыс жағдайында біздің жұмыспен қамту стратегиямыз кадрлар¬ды қайта үйрету және қайта даярлау жөніндегі толық ауқымды жұмысқа бағытталған. Үкіметке әкімдермен бірлесіп қазіргі бар оқу орындарының базасында маман¬дарды қайта даярлауды ұйымдастыруды тапсырамын. Біздің адамдарымыз оқып-үйренуге тиіс, бүкіл әлемде адамдар өмір бойы оқумен өтеді. Мына жағдайда қайта оқуға, сөйтіп бүгін қажет болып отырған мамандықты игеруге мүмкіндік те бар, қажеттілік те бар. Біз қазір барлық ірі құрылыс кәсіп¬орындарын адамдарды басқа мамандық¬тарға оқыту үшін қарыз бөлуге міндет¬тейміз. Барлық жерде осылай болуға тиіс. Егер Үкімет пен әкімдер жұмысты ойдағыдай ұйымдастыра алса, адамдар оқуға отырады да, жаңа мамандықтарды игеріп алып кетеді. Кадрларды қайта даярлау және қайта оқыту жөніндегі жүйелік жұмыс мынадай мақсаттарды көздеуі тиіс: • Жаңа мамандық бойынша жұмыс істегісі келетін әрбір адамның оқу мүмкіндігі болуы тиіс. • Экономиканың еңбек ресурста¬рына деген болашақ сұраныстарын, ең алдымен, ауыл шаруашылығында қамтамасыз ету. • Шетелдік жұмысшыларды отан¬дық кадрлармен біртіндеп алмастыру. Біз оларды жартылай қысқартып, өз адамдарымызбен алмастырмақпыз. Сонымен қатар әлемдік дағдарысқа, біз бастан кешіп жатқан кезеңнің қиын¬дықтарына қарамастан, біз олардың шешілуіне ғана шоғырланып қоя алмаймыз. Біздің болашағымыз эконо¬ми¬каның одан әрі жаңғыртылуы мен базалық инфрақұрылымның дамуына байланысты. Біз қолданыстағы перспективалық инвестициялық жобаларды қаржылан¬дыру және іске асыруды жалғастырамыз. Ең алдымен бұл мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту. Бізде мұнай өңдейтін үш зауыт бар, сөйтсе де әлі күнге жанармай сатып ала¬мыз, авиация керосинімен де қамтама¬сыз етілмегенбіз. Енді қазір бұл іспен айналысу керек. Біз осы мұнай өнімдеріне деген ішкі сұранысты біртіндеп толық қамтамасыз етуге тиіспіз. Біз Атырауда мұнай-химия кешенін салуды жалғастырамыз. Мойнақ ГЭС-інің құрылысын биыл аяқтаймыз, Екібастұз 1-ГРЭС-ін кеңейту және қайта жарақтандыру жөніндегі жұмысты жалғастырамыз. Ол жерде сегіз блоктың орнына төрт блок жұмыс істеп тұр. Бұл дайын, шығынды қажет етпейтін электр қуаты. Екібастұз 2-ГРЭС-інің үшінші энер¬гия блогын салу жұмысын жалғас¬тырамыз, биыл Балқаш ЖЭС-ін салуды бастаймыз. Біздің жоспарларымызда “Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ” магистралдық газ құбырын салу, “Батыс Еуропа-Батыс Қытай” автожолының транзиттік дәлізін қайта жарақтандыру бар. Биыл біз дайындық жұмысын қолға аламыз. Онда 5 мың адам жұмыс істейтін болады, ал 2010-2012 жылдары 50 мың адамға дейін жетеді. Мұның өзі Қазақстанды Еуропадан Азияға жетіп жататын көлік дәлізіне айналдыратын күретамыр болады. Біз электровоздар, жолаушы және жүк вагондары, жол битумдары өнді¬рісін, химия өнеркәсібін ұйымдастыруға кірістік. Агроөнеркәсіптік кешен туралы айрықша айтқым келеді, оның дамуы арқасында біз бір мезгілде еліміз үшін аса маңызды екі міндетті – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және экспортты әртараптандыруды шешеміз. Сондықтан да біз тауарлы-сүт фермаларын, құс фабрикаларын, мал бордақылау алаңдарын ұйымдастыру мен дамыту, тамшылап суаруды қолдану арқылы жеміс-көкөніс дақылдары өндірісін ұйымдастыру, ауылшаруашы¬лық техникаларын жинау жөніндегі өндірістерді құру, ет өңдеу өндірісін дамыту, биязы жүнді қайта өңдеу, қазақ¬стандық астық экспортының инфрақұ¬ры¬лымы және оны терең қайта өңдеу секілді экспортқа бағдарланған өндіріс¬терді дамыту жөніндегі инвестициялық жобаларды қаржыландыруды жалғас-тыруға шешім қабылдадық. Құрылыс үшін басқа да маңызды жо¬баларды қарастыру керек. Бұл Көксарай су қоймасын, басқа да ірі ирригациялық нысандарды салуды жалғастыру. Қызылқұм массивінде 60 мың гектар суармалы жерді игеру мақсатын алға қойғанбыз. Бүгінде техникалық-экономикалық негіздемесі мен кірме жолдары бар нысандарда жұмысты бастау керек. Ауыл шаруашылығы өнімдерін ұқсату ¬– маңызды сала. Біз қазір консервіленген жеміс-жидек өнімдерінің 80 пайызын, ет өнімдерінің жартысын, құрғақ сүттің 53 пайызын сырттан әкеліп жүрміз. Егер осының бәрін шеше алсақ ¬– онда адамдар қаладан селодағы өнеркәсіпке жұмыс істеуге баратын болады. Біздің бағалауымыз бойынша, экс¬порт¬тық мамандандыру перспективада 500 мыңнан астам жаңа жұмыс орын¬дарын құруға мүмкіндік беріп, таяудағы бес жылда ІЖӨ-нің қосымша өсімінің 8 пайызға жуығын қамтамасыз етеді. Осылайша, өзіміздің стратегиялық таңдаумен жүріп, біз экономиканың нақты бәсекеге қабілетті болатын, сыртқы рыноктарда өз орнымызды табатын секторларында жұмысты дәйектілікпен жалғастырудамыз. * * * Қазіргі қиындықтар – бұл біздің үлесімізге тиген алғашқы сынақ емес. Өтпелі кезеңнің аса ауыр дағдарысын біз 90-шы жылдардың басында еңсердік. Ол кезде экономиканың құлап түсуі 60 пайызға жетіп, инфляция жылына мыңдаған пайыздармен есептелетін. Азияның қаржы рыноктары туындат¬қан екінші әлемдік дағдарысты біз 90-шы жылдардың аяғында еңсердік. Мұнай бағасы онда бір баррель үшін 9 долларға дейін төмендеді. Біз зейнетақы мен жалақыны төлей алмадық. Ол қиындықтарды да біз еңсердік. Уақыт өтеді, содан кейін біз осы дағ¬да¬рысты да еңсергеніміз туралы айтатын боламыз. Қалыптасқан жағдайдан объективті шығындармен, бірақ та жаңа өсуге әзір болып шығатын барлық мүмкіндіктер біздің қолымызда. Дағдарыстар қайталанатын болады, ал біздің мақсат – оны басқаруды үйрену. Әзірге бізде бұл орындалуда. Бүгінде біз өз күштеріміз бен ресурстарымызды қайта топтастыруға мәжбүрміз және біз мұны сыртқы жағдайлардың ықпалымен істеудеміз. Алайда бұл біз өз бағытымызды өзгертті дегенді тіпті де білдірмейді. Ол бағыт 2030 жылға дейінгі елдің Даму страте¬гиясында анықталған. Өмір түзетулерін енгізуде. Бірақ та атап көрсеткім келеді, ол бұрынғысынша қалып отыр. Барша қазақстандықтардың өркен¬деуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының жақсаруы біздің мемлекетіміз үшін аса маңызды үштұғырлы міндет болып қала береді. Бізде дағдарысқа қарсы жоспар бар, мемлекеттік резервтен жеткілікті қара¬жат бөлінген. Тұтастай Үкімет және Премьер-Министр, мемлекеттік орган¬дардың басшылары, әкімдер дағдарыс¬тан шығу жөніндегі белгіленген шара¬лардың орындалуына тікелей жауапты болады. Бүгінгі проблемалар және біздің оларды қалай шешіп жатқанымыз – кемел¬діктің және біздің қоғамымыз бен мемлекетіміздің тұрақтылығының сынағы. Біз бұл сынақты тапсырамыз деп ойлаймын. Бізге өз дамуымыздың жаңа кезеңіне кіруге және біздің жетістіктерімізді еселеуге тура келеді. Мұны да орындайтынымызға сенім¬дімін. Белгілеген мақсаттарға қол жеткізу үшін біздің халқымыздың топтасқан¬дығы қажет. Сондықтан да барша қазақстандық¬тарға аталған шараларды жүзеге асыруға кірісуге, еңбекқорлық пен табандылық танытуға, ұсынақты болуға, жақында¬рыңа, көмекке мұқтаж адамдарға көмектесуге және қамқорлық жасауға шақырамын. Парламенттің, мәслихаттардың, “Нұр Отан” партиясының депутатта¬рына сөз арнаймын. Біздің партия үшін дауыс берген сайлаушылар бізге зор сенім көрсетті. Енді қазір, қиын дағдарыс кезеңінде, біз оны ақтап, қоғамдағы дағдарысқа қарсы ауқымды қозғалыстың басында болуға тиіспіз. Үкіметпен және жергілікті органдар¬мен бірлесіп адамдардың нақты пробле¬маларын шешу, дағдарысқа қарсы шара¬лардың іске асырылуын, осы мақсат¬тарға бөлінген бюджеттік қаражаттың жұмсалуын айрықша бақылауға алу керек. Қазақстан халқы Ассамблеясына, барлық саяси күштерге сөз арнаймын. Қазір халық туралы кімнің шын мәнінде ойлайтыны, ал кімнің – ойламайтыны сөзбен емес, істе тексеріледі. Келіңіздер, планета тарихындағы аса қатал дағдарысты еңсеру жолында бірігейік! Адамдарды ашындырмайық, оларға сөзбен және іспен көмектесейік. Мемлекет қазір нақ осыны жасап отыр. Елде тыныштық пен келісімді сақтау маңызды міндет болып қалады. Бүгінде бүкіл дүние бір-біріне қарап отыр. Дағдарыстың беті қалай болар екен, одан қай мемлекет қалай шығар екен деп бақылауда. Сан түрлі саясат¬керлер, сарапшылар Қазақстан қазіргі¬дей қиындықтан өтер ме екен, осы кезде ел бірлігін сақтап қалар ма екен, бұл ел өзінің мемлекеттілігін құрметтей білер ме екен деп тұрған сын сағатта мен, әсіресе, қазақ халқына бөлекше жауапкершілік жүктеп сөз арнаймын. Қазір алып бара жатқан қиын ештеңе жоқ. Жеріміз кең, еліміз бай, істеген адамға далада да, қалада да жұмыс жетіп жатыр. Бел шеше кірісіп, білек сыбанып жұмыс істейтін кез келді. Бір-бірімізге қарайласатын, көмектесетін, ағайын¬шылықты танытатын кез дәл осы кез. Барлық мемлекеттік қызметшілерге сөз арнаймын. Қазір біз бәріміз қызмет ететін халықтың алдындағы әрбір басқарушының жауапкершілігі еселеп арта түседі. Жергілікті орындарға жиі шығып, еңбек ұжымдарымен, халықпен кездесу керек. Мемлекет қолға алып жатқан шараларды түсіндіріп, адамдарды біріктіру, оларды проблемаларды шешуге көтеру керек. Құқық қорғау органдарының қыз¬мет¬керлеріне сөз арнаймын. Біздің қалалардың көшелері мен ауылдардағы тыныштық сіздерге байланысты. Қыл¬мыспен, сыбайлас жемқорлықпен, алаяқтықпен, заңдардың бұзылуымен табанды да қатал күрес жүргізу керек. Осы қиын кезде біздің азаматтардың, бүкіл қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бәрін де істеу керек. Мен бұқаралық ақпарат құралдарын белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырамын! Сіздерді “төртінші билік” деп кездейсоқ атамайды! Қазір БАҚ адамдар үшін қиындықты қалай еңсеруге болады, мынандай қиын кезде қалай аман қаламыз, қалай төтеп береміз деген мәселелерде “кеңесші” ретінде көрінуге тиіс. Азаматтарды басқа адамдардың оң тәжірибесі арқылы үйрету керек. Біздің ғылыми және шығар¬машылық интеллигенцияға да осындай рөл жүктеледі. Сенімділік, жеке белсенділік, төзім¬ділік, патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік секілді көңіл күйлерді орнықтыратын материалды жиі беру керек. “Нұр Отан” партиясының мүшелері үйді-үйде көбірек болуға, қандай мамандықтарға қайта оқуға мүмкіндік бар екенін, несиелер мен шағын несиелерді қалай алуға болатынын, қиын жылдарда не істеу керектігін түсіндіруге тиіс. Әр үйге, әр отбасына бару, қарапайым адамдардың көмек¬шілеріне, кеңесшілеріне айналу керек. Асып-сасатын ештеңе жоқтығын, елдің байтақ екенін, істеген адамға жұмыс жететінін ұғындыру шарт. Сондықтан қай жерде де бірімізге біріміз көмек¬тесіп, білетіндер білмейтіндерге айтып жүруіміз керек. Осының өзі халықты біріктіре түсетін болады.
Құрметті қазақстандықтар!
Ел дамуының жаңа кезеңінің табыс¬тары көп ретте біздің іс-қимылымыз бен қабылдаған шешімдерімізге байланысты болады. Бізде қажетті ресурстар, әлемдік дағдарыс қыспағына төтеп беретін тәжірибе бар. Бізде айқын дағдарысқа қарсы бағдарлама бар. Қойылған мақсаттардың бәріне қол жеткізуге болады! Біз барлық қиындықты еңсеретіні¬мізге және Қазақстанымызды күшті, өркенді және әлемде құрметтелетін мем¬лекетке айналдыратынымызға сенім¬дімін!
Қадірлі әлеумет! Отандастарым!
Қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, ол – бірлік. Еліңді, жеріңді қорғау үшін бірлік қаншалықты қажет болса, тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткен табыстарымызды сақтап қалу үшін де ол сондай қажет. Ел басына күн туған нелер бір қилы замандарда да халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған осы ынтымағы мен бірлігі емес пе еді? “Мың өліп, мың тірілген” қазақ халқы кеңес дәуіріндегі басқа түскен үлкен нәубет жылдарында да өзінің елдігін ынтымақ пен бірліктің арқасын¬да сақтай білді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өзге республикаларда қантөгістер мен қақтығыстар болып жат¬қанда, татулық пен бірліктің арқасында жас мемлекетімізді жасақтап, өтпелі кезеңнен шығынсыз өттік емес пе?! Бүгінгідей қиын-қыстау кезеңде мен туған халқымның ынтымақ пен ауыз¬бір¬шілік танытарына сенемін. Сіздер өздеріңіз бас болып өзге отандас ағайындарға ұйтқы болыңыздар. Әрдайым кеңдік пен кемеңгерлік, сабырлылық пен іскерлік көрсетіңіздер. “Саусақ бірікпей, ине ілікпейді” деген аталы сөзді бәріңіз білетін шығарсыздар. Олай болса енді ұсақ-түйекті, берекесіз тірлікті доғарған жөн. Ел үшін, ұрпақ үшін бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаратын кез келді, ағайын. Баршаңызға: “Іске сәт!” демекпін! |
|
Президенттің жолдауы 2008 |
|
|
|
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Ж О Л Д А У Ы Қазақстан халқының әл-ауқаттын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты Құрметті қазақстандықтар! Менің жыл сайынғы Жолдауларым әдеттегідей жетістіктерімізді саралап, келешегімізді бағдарлауға, ең бастысы – баршамызға ортақ ұлы мақсатқа жетудің дұрыс жолын бірлесе айқындауымызға бағытталып келеді. Қазақстан халқына арналған 2006 және 2007 жылдардағы Жолдауларымда мен ағымдағы міндеттер туралы ғана емес, біздің дамуымыздың келешегі жайында да айтқан едім. Осыған орай, әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарынан нық орын алу мен 30 корпоративтік көшбасшыларын қалыптастыру негізінде елді индустрияландыру міндеттері біздің басты стратегиялық мақсатымыз болып қала бермек. Үстіміздегі жылы Үкімет олардың орындалуы жөнінде есеп беруі тиіс. Өткен жыл Қазақстан үшін жан-жақты экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында тағы бір сенімді ілгері қадам жасаған жыл болды. Қазақстан 2008 жылды жаңа экономикалық жетістіктерімен, жаңарған саяси құрылымымен қарсы алды. Ел Конституциясына енгізілген өзгерістер Парламент пен саяси партиялардың, азаматтық қоғам институттарының рөлін арттыра түсті. Тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет теңдестірілген негізде парламент сайлауы өткізілді. Сайлауда “Нұр Отан” партиясы айқын басымдықпен жеңіске жетіп, алғаш рет Үкімет жасақтады. Әкімшілік реформа жалғасын тауып, оның аясында мемлекеттік органдар аппараттарының тұрақтылығын нығайтатын жауапты хатшылар институты құрылды. Өткен жылғы экономикамыздың өсу қарқыны 8,5 пайызды құрады. Жалпы алғанда, ел экономикасы 2001 жылдан бастап жылына орта есеппен 10 пайызға өсіп отырды. Бұл өте үлкен де жедел өсу болып саналады. Бүгінгі күнге дейін еліміздің айтарлықтай резерві қалыптастырылып, Ұлттық қор қаражатын қоса есептегенде ол шамамен 40 млрд. АҚШ долларына жетті. Осындай елеулі жинақтаулардың болуы еліміздің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуде өзекті рөл атқарды. Еліміздегі әлеуметтік ахуал да тұрақты қалпында. 2000 жылдан бастап, мем¬ле¬кеттік бюджеттің білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға арналған шығындары 5 еседен астам ұлғайды. Біздің 5 миллионнан астам азаматтарымыз мемлекеттік әлеуметтік қорғаумен қамтылып отыр. Бұл көрсеткіш осыдан бес жыл бұрынғыға қарағанда екі есеге артық. Біз зейнеткерлерімізді қолдау көлемін ұдайы арттырып келеміз. Халықтың зейнетақылық жинақтаулары тұрақты түрде көбеюде, оның көлемі 1,1 триллион теңгеден асып түсті. Әлеуметтік инфрақұрылым нығайып отыр. 2007 жылы ғана республика бойынша 76 мектеп пен 23 денсаулық сақтау нысаны салынды. Біз демографиялық құлдырауды тоқтатуға қол жеткіздік. Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының аясында өткен үш жыл ішінде 18 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл біздің жоспарымыздағыдан 2,2 млн. шаршы метрге артық. Жоғарыда аталынған қоғамдық өмір¬дің барлық салаларындағы ілгерілеу серпіні – біздің экономикамыздың өркендеуінің, сындарлы әлеуметтік саясатымыздың және тұрақты саяси жүйеміздің тиімділігінің айқын айғағы. Құрметті депутаттар, мәжіліске қатысушылар, меймандар!
Бүгінгі әлемдік конъюнктура нашарлаған жағдайда біз рөлі өсе түсіп отырған мемлекеттік холдингтердің, даму институттарының, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың ішкі инвестициялық ресурстарын белсенді етуге тиіспіз. Пайда болған қиындықтарға қарамастан, менің тапсырмам бойынша Үкімет экономиканы орнықты өсіру бойынша шаралар қабылдады. Қысқа мерзімді және орта мерзімді міндеттерді мына басым бағыттарда шешу үшін жұмылу қажет. Бірінші – өндіруші сектор. Мұнай-газ саласындағы басты бағыт – мемлекеттің халықаралық мұнай және энергетика рыноктарына ықпалды және жауа¬пты қатысушы ретіндегі ұстанымын күшейту. Бұл үшін біз энергетика саласының стратегиялық маңызды буындарына мемлекеттің ықпалын дәйектілікпен күшейтеміз. Біз қазірдің өзінде Қашаған, Құм¬көл мұнай кен орындарын, Богатырь көмір разрезін, т.б. игеруде қазақстандық үлесті ұлғайттық. Бұл біз үшін және қосымша құн салығы үлесі жоғары дайын өнімді халықаралық рынокқа шығаруды қамтамасыз ету үшін аса маңызды. Осы бағыттағы жұмысты жалғастыру керек. “Самұрық” холдингі мен өңірлік әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар тау-кен металлургия саласын тиімді дамыту мен оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде нақты шаралар қабылдауы тиіс. Бұл үшін қазіргі тау-кен металлургия компаниялары акцияларының мемлекеттік пакеттерін бір жағына шығарып, оларды нақты басқаруға кірісу, сондай-ақ сирек кездесетін металдарды қоса алғанда, қара және түсті металдардың барланған кен орындары қойнауын пайдалану құқығын өз қолымызға алуымыз қажет. Үкіметпен бірлесіп, жаңа кен орындарын барлау мәселесін шешу қажет. Екінші – экономиканың негізгі секторларын озық инфрақұрылымдық қамтамасыз ету. Үкіметке электр энергетикасын, тасы¬малдау жүйесін дамыту бойынша шаралар қабылдау қажет. Бұл секторлар бүгінде Қазақстан экономикасы дамуына анық “ілесе алмауда”. Экономика мен тұрғындарды электр энергиясымен қамтасыз ету саласындағы бірінші кезектегі міндеттер Балқаш ЖЭС-ін, Екібастұз ГРЭС-2-нің үшінші энергоблогын, Мойнақ ГЭС-і және басқаларын салу құрылысы болып табылады. 2009 жылы “Қазақстанның Солтүстігі—Оңтүстігі” жобасы бойынша қуат тасымалдаудың екінші желісі мен “Солтүстік Қазақстан—Ақтөбе облысы” қуат тасымалдау желісінің құрылысын аяқтау қажет. Бұл Қазақстанның оңтүстігі мен батысындағы қуат тапшылығын төмендетуге мүмкіндік береді. Республиканың оңтүстік өңірлерінің газға сұранысын тұрақты қамтамасыз ету үшін “Бейнеу—Шымкент” магистральді газ құбыры мәселесі мүмкіндіктерін талдап, құрылысты бастау керек. Ақтау қаласында атом электр стансасын салу бойынша нақты ұсыныстар енгізу қажет. Үкімет осымен бір мезгілде өзінің күш-жігерін қуат жинақтаушы және экологиялық таза технологиялар енгізуге жұмылдыруы тиіс. Электр энергиясын барлық жерде бірдей үнемдеуге біздің кәсіпорындарымыз бен азаматтарымыз әлі кірісе қойған жоқ. Арзан энергияның сарқыла бастағанын ашық айтуға тиіспіз. Аз төлегіміз келсе, көп үнемдеу керек. Бұл әркімнің өз қамы болуы қажет. Үкімет осы жұмысты кеңінен қолға алуы тиіс. Темір жол және автомобиль инфра¬құрылымдарын салу мен жаңғыртуды қамтамасыз ету қажет. Біз биылғы жылдың өзінде концессиялық негізде Шар – Өскемен темір жолы құрылысын аяқтап, Маңғыстау – Баутино, Ералиев – Құрық темір жол же¬лілері мен Қорғас – Жетіген учаскесінің құрылысын, Мақат – Қандыағаш темір жол учаскесін электрлендіруді бастауымыз керек. Жылжымалы құраманың тапшылығын төмендету үшін үстіміздегі жылы отандық көліктік мәшине жасауды дамыту жөніндегі шаралар кешенін әзірлеп, іске асыруға кірісуіміз керек. Біз барлық оңтүстік облыстарды көктей өтіп, Қызылорда мен Ақтөбе арқылы Ресейге шығатын, өңірлердің экономикасын жандандыратын Қазақстандағы ең ірі көліктік жобаны – “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” трансқұрлықтық дәлізді іс жүзіне асыруды қолға алуымыз қажет. Бюджетке түсетін салмақты азайту мақ¬сатында, тұтастай алғанда, концессиялық негізде, алдағы уақытта ақылы ету арқылы Астана – Бурабай, Астана – Қарағанды, Алматы – Қапшағай, Алматы – Қорғас автомобиль жолдарын, сондай-ақ Үлкен Алматы айналма жолын салу мен қайта жаңғырту басталады. Концессиялық жобаларды тартымды ету мен жандандыру үшін Үкімет қолданыстағы заңнамалық және нормативтік базаны жетілдіруі тиіс. Үшінші. “30 корпоративті көшбасшы” бағдарламасын іске асыру экономиканың шикізаттық емес секторын іс жүзінде дамытуға ықпал етеді. Қазірдің өзінде “серпінді” аталудан үміткер 100-ден астам жоба пайда болды. Ақтөбе облысындағы үшінші Жаңажол газ өңдеу зауыты, кен байыту комбинаттары мен мыс қорыту зауытын салу, Павлодар облысындағы алюминий зауыты және хлор мен каустикалық сода өндірісі зауытының құрылыстарын одан әрі жалғастыру, Қарағанды облысында сортты прокат өндірісі мен металлургиялық кремний өндірісін ұйымдастыру секілді экономикамыз үшін айрықша маңызды жобалар және басқа да көптеген жобалар іске асырылып жатыр. Таяудағы уақытта Атырау қаласында алғашқы интеграцияланған газ-химия кешенінің, келесі жылы Қарашығанақ кен орнының базасында газ өңдеу зауытының, Қостанай облысында жаңа алюминий зауытының құрылысы басталады. Біз Астана қаласында шина жасау кешенін құру, Астана мен Алматы қалаларында логистикалық орталықтарды дамыту, поликристалл кремнийі өндірісін құру жөніндегі жобаларды іске асыруды жалғастырамыз. Мен аса ірі нысандарды атап өттім. Ал осы жылдар ішінде Қазақстанда жүздеген, мыңдаған жаңа кәсіпорындар пайда болды. Шыны шығару өндірісі Қазақстанда ешқашан болған емес – бұл өте тапшы, қажет материал. Қазақстанда алюминий өндірісі де болған емес. Қазіргі кезде автомобиль құрастыратын, оның ішінде жеңіл автокөліктер де құрастыратын бес кәсіпорын жұмыс істейді. Бүгінде Қазақстанда радиотехника мен компьютер де құрастырылады. Жиһаз жасау өнеркәсібі, құрылыс индустриясы және басқа салалар серпінді дамуда. Тұтастай алғанда, “30 корпоративті көшбасшы” бағдарламасы мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылын қағидатты жаңа деңгейге шығаруы тиіс. Бейіндік министрліктердің, “Қазына” қоры мен өзге де холдингтердің, сондай-ақ барлық деңгейдегі әкімдіктердің жұмысы, бірінші кезекте, “серпінді” жобаларды жүзеге асыру көрсеткіші бойынша бағаланатын болады. Дамудың жаңа кезеңі ел агроөнеркәсіп кешенінің алдына бірқатар жаңа, аса маңызды міндеттер қойып отыр. Өткен 5 жылда Қазақстан аграрлық секторды дамытуда айтарлықтай нәтижелерге жетті. Ауыл шаруашылығының жал¬пы өнімі 2002 жылмен салыстырғанда 2 есеге жуық өсті. Инвестициялар 3 еседен астамға ұлғайды. Бұл аграрлық секторды мемлекеттің орасан қолдауы нәтижесінде мүмкін болды. Сіздер біз табысты жүзеге асырған ауылды қолдаудың үш жылдық бағ-дарламасын жақсы білесіздер. Бағдарлама ел ішін дамытуға қуатты серпін берді. Соңғы жылдары қазіргі заманғы технологияларды қолданудың арқасында дәнді-дақылдарды жинау күрт артты. 2004 жылдан бастап егінді міндетті сақтандыруды енгізу фермерлерге құрғақшылық жылдарының өзінде кепілді кіріс алуына мүмкіндік туғызды. Қабылданған шаралар ауыл шаруашылығындағы тауар айналымының төрт есеге жуық жалпы өсіміне оң ықпал етсе, ол 4 миллиард АҚШ доллары мөлшерінен асып түсті. Ауылдарымыз бен селоларымыздың өмір сапасын жақсарту мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала береді. Қалыптасқан әлемдік үрдістер мен қолда бар әлеуетті ескерер болсақ, агроөнер¬кәсіп кешені біздің экономикамыздың жоғары маңызды, табысты саласы болуы тиіс. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне баға өсу үстінде, және тұтастай алғанда, аталған сала өте пайдалы болуда, сондықтан біз оған ақша салуымыз қажет. Ауылдың бұған екпінді еңбегімен және жоғары қайтарыммен жауап беретініне сенімдімін. Бірінші. Елдің азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілуге тиіс.Ол үшін ауыл шаруашылығына және тамақ өнеркәсібіне инвестициялар тартуды ұлғайту қажет. Қазақстан азық-түліктің негізгі түрлері бойынша өз қажеттілігін қамтамасыз етеді әрі экспорттық әлеуетке ие. Ел мұқтажы қанағаттандырылмай отырған маңызды тамақ өнімдерін өндіруді ынталандыруға ерекше назар аудару талап етіледі. Мәселен, өсімдік майы, жемістер, қант және басқалар. Біздің бұл проблемаларды шешуге мүмкіндігіміз бар. Екінші. Ауыл шаруашылығының өнімдерді экспортқа шығаратын секторларын күшейтуге күш-жігерді шоғырландырудың маңызы зор. Атап айтқанда, Каспий және Қара теңіздердің порттары арқылы өтетін және Қытай бағытындағы экспорттық арналарды кеңейту қажет.Үшінші. Мал шаруашылығы саласы да үлкен экспорттық әлеуетке ие. Қосымша шара ретінде ветеринария жүйесін халықаралық стандарттарға көшіру қажет. Үкіметке ауыл шаруашылығына барлық деңгейлерде жүйелі қолдау көрсетуде одан әрі шаралар қабылдауды тапсырамын. Шикізат өңдеуге айрықша назар аудару қажет. Енді макроэкономикалық саясаттың басымдықтары туралы. Үкімет, Ұлттық банк, Қаржылық бақылау агенттігі мемлекеттің қаржылық тұрақсыздық қатерлеріне қарсы жүйелі де жедел іс-қимылдар жасауының ықпалды тетігін қалыптастырып, халықаралық рыноктардың Қазақстан экономикасына деген сенімін нығайтуы керек. Бірінші. Қаржылық бақылау агенттігі¬нің жұмысын жүйелі түрде нығайту қажет. Елдің қаржы жүйесінің, әсіресе, банк секторының бәсекеге қабілеттілігін және тұрақтылығын арттыру Агенттіктің Ұлттық банкпен және Қаржы министрлігімен бірлесе отырып атқаратын басты міндеті болуға тиіс. Өмір біздің жоспарларымызға түзетулер енгізіп тұратын болады. Біз оған дайын тұруға тиіспіз. АҚШ-тың біздің банктерге елеулі әсер еткен ипотекалық дағдарысының сабақтарын естен шығармаған жөн. ҚБА әр банктегі ахуалды неғұрлым мұқият қадағалап, қажет болған жағдайда алдын алатын және ықпалды шаралар қабылдауы керек. Мемлекеттік қолдау біржақты бола алмайды, сондықтан банктер тәуекелдің өздеріне тиесілі бөлігін өз мойындарына алуға тиіс. Егер банктердің акционерлері өздерін дамыту үшін қосымша ресурстар тартқысы келмесе немесе оған қабілетсіз болса, ондай кезде мемлекет қажетті шаралар қабылдауға дайын болуы керек. Мұндай жағдайда реттеушілік араласу бүкіл банк секторы үшін барынша мөлдір және ұғынықты болуға тиіс. Шетелдік капиталдың банк секторына келуіне біз Қазақстанға көрсетілген сенім, қажетті қаржылық қолдаудың көзі және банк қызметінің халықаралық озық тәжірибесі ретінде қараймыз. Біздің қаржы жүйемізді құрылымдық реформалауды одан әрі жалғастыру қажет. Мұның құнды қағаздар рыногын, қазіргі заманғы қаржылық құралдарды дамытуға, банкроттық туралы заңдарды жетілдіруге, сот жүйесін тереңдете реформалауға қатысы бар. Бізге жеке сектордағы да, сонымен бірге, мемлекеттік сектордағы да жүйелік тәуекелдерді басқаруды дамыта түсу қажет. Үкімет, ҚБА және Ұлттық банк тәуекелдерді басқарудың икемді де сенімді жүйесін құруы керек. Сондай-ақ, күтпеген ахуалдарға қарсы шапшаң іс-қимылдар жасау шараларының жүйесін әзірлеу міндеті де тұр. Халық пен бизнестің, оның ішінде шетелдіктердің де сенім деңгейі елдің қаржы жүйесі тиімділігінің негізгі критерийіне айналуға тиіс. Екінші. Салық жүйесін Қазақстанның жаңа сатыдағы дамуының міндеттерімен сәйкестендіру қажет. Қолданыстағы Салық кодексі экономикалық өсуде оң рөл атқарды, дегенмен, қазіргі кезде оның әлеуе¬ті іс жүзінде таусылды. Кодексте үне¬мі және жүйесіз өсіп отыратын 170-тен астам жеңілдіктер мен преференциялар бар. Үкіметтің жаңа Салық кодексін әзірлеуі қажет. Ол экономиканы жаңғыртуға, әртараптандыруға және бизнестің “көлеңкеден” шығуына жағдай жасауға тиіс. Жаңа Кодекс салық қызметтерінің оның нормаларын өз қалауларынша түсіндірулерінен қорғайтындай, әкімші¬лендіру сапасы мен салық төлеушілер мүдделері үйлесетіндей тікелей іс-әрекет ету заңы сипатына ие болуы керек. Бірақ, ең бастысы, ол экономиканың шикізаттық емес секторы, әсіресе, шағын және орта бизнес үшін жалпы салықтық ауыртпалықтардың төмендетілуін қарастыруы керек. Бюджеттің күтілетін шығын¬дары¬ның орны өндіруші сектордың эко¬но¬ми¬калық қайтарымын арттыру есебінен өтелуі тиіс. Үшінші. Экономикамыздың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудегі айрықша миссияны менің тапсырмам бойынша жаңадан құрылған Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттік атқаратын болады. Агенттіктің өкілеттіктерін кеңейту бағаға қатысты “ауызжаласуға”, адал емес бәсекелестікке, рынок субъектілерінің өздерінің үстемдікті және монополиялық жағдайларын бұра пайдаланушылығына қарсы күресті қамтамасыз етіп, қазақстандық бизнестің әлемдегі ұстанымын нығайтуға тиіс. Елдегі кәсіпкерлік белсенділіктің өсуіне елеулі серпін беретіндей бәсекелестік туралы жаңа заң қажет. Төртінші. Инфляцияға қарсы күресті күшейту қажет. Инфляцияның жаһандық экономикалық үдерістер тарапынан болатын қысымның күшейе түсуінен де ұлғайып отырғанын ескеріп, Үкімет тарапынан ойластырылған және сол әрекеттерге сәйкес іс-шаралар қабылдануы қажет. Ұлттық банк инфляцияға қарсы күресте айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізеді деп сенемін. Жаһандық экономикалық тұрақсыздық жағдайында мемлекет ахуалды белсенді түрде басқара білуге тиіс. Ол үшін қажетті ресурстардың бәрі де бар. Сондықтан әлемдік экономиканың болжамды баяулауы және бірқатар экспорттық тауарлар бағасының төмендеуі мүмкін болған жағдайда Үкімет пен Ұлттық банкте тұрақтандырушылық іс-қимылдардың жедел жоспары болуға тиіс. Бірінші кезекте, Үкімет уақытша, қаржы секторындағы проблемалар жойылғанға дейін, әлеуметтік саладан өзге, бар¬лық бағыттар мен бағдарламалар бойынша мемлекеттік шығындарды қысқартуы керек. Жоғарыда аталған жоспарлардың бәрі осы талапқа бағынуға тиіс. Күте тұра алады дегендердің бәрі тоқ¬татылуы қажет. Бұл барлық өңірлерге де қатысты. Мұндай үнем инфляцияға түсетін қысымның төмендеуіне жағдай жасап, сонымен бірге, энергия көздері мен шикізат ресурстарының бағасы төмендеген жағдайда елдің резервтерін ұлғайтады. Құрметті мәжіліске қатысушылар! Демократиялық дамудың жалпыға бірдей танылған заңдылықтары мен біздің қоғамымыздың дәстүрлерін үйлестіре отырып, біз одан әрі де саяси және мемлекеттік құрылыстың қазақстандық моделін жетілдіру жолымен жүре беретін боламыз. Бірінші. Тәуелсіздіктің 16 жылы ішінде біз қоғамдық тұрақтылықты, ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуде, қазақстандық біртұтастық пен жалпықазақстандық патриотизмді қалыптастыруда өз моделі¬мізді жүзеге асырдық. Бұл — біз мақтануға құқылы және бәріміз ұқыптылықпен сақтауға міндетті қазақстандық “ноу-хау”. Конституциялық реформа аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесі мен өкілеттігі өсті. Біздің көп ұлтты еліміздің барлық халқының мүдделерін бейнелей отырып, Ассамблеядан сайланған депутаттар Қазақстандағы этносаралық бітім мен келісімді нығайту үдерісінде айрықша рөл атқаруға тиіс. Қазіргі уақытта қазақстандық осынау ғажайып институттың рөлін жан-жақты нығайту қажет. Ассамблеядан сайланған депутаттар осы жауапкершілікті сезініп, Ассамблеямен және оның жергілікті жерлердегі ұйымдарымен тығыз байланыс орнатуы керек. Мемлекетті, оның қауіпсіздігін одан әрі нығайтып, экономиканың тұрақты дамуы мен азаматтарымыздың әл-ауқатының артуын қамтамасыз ету үшін Қазақстанға ұзақ мерзімді тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім керек дегенді мен әрқашанда айтып келдім және барлық жауапкершілікпен тағы да атап көрсетемін. Екінші. Қазақстанда қазіргі заманғы саяси жүйені дамыту міндеті тұр. Бұл үдерісте саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар және басқа да қоғамдық институттар басты рөл атқаруы тиіс. Партиялық механизмді нығайту қазіргі заманғы азаматтық қоғамның қалыптасуына, халықты қоғамдық үдерістерге кеңінен тартуға жағдай жасайтын болады. Қазіргі сатыда “Нұр Отан” партиясы¬ның басым моделі Қазақстанның саяси жүйесіндегі оңтайлы пішін ретінде қарастырыла алады. Бұл алдағы уақытта басқа да саяси партиялардың сайлауға қатысып, Парламенттен өз орнын алуына және барлық үдерістерге қатысуына мүмкіндік береді. Бүгінгі күні ешкім де жаңа партиялардың құрылуына және өзіндік ой-пікірлері мен көзқарастарын айтуға тосқауыл бола алмайды. Үшінші. Демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады. Өткен жылдар ішінде елдің құқық қорғау және сот жүйелерінің криминалдық көріністерге қарсы тұратын, азаматтарымыздың өмірі мен құқықтарын қорғайтын әлеуеті едәуір нығайды. Дегенмен, олардың қызметінде елеулі кемшіліктер бар. Бұл жөнінде барлық құқық қорғау органдарының қатысуымен Бас прокуратураның жақында өткен алқа отырысында айтылды. Құқық қорғау және сот жүйесі қазақстандықтардың құқықтарының әділ де тиімді қорғалуын, бизнеске заңсыз араласуды болдырмауды қамтамасыз етуге тиіс. Бұл саладағы басым бағыт – жазалаушы іс-әрекет емес, құқық бұзушылықтарды абайлату мен олардың алдын алу болуға тиіс. Сондықтан биылғы жылы “Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы” заң жобасын әзірлеп, Парламентке енгізу қажет. Президент Әкімшілігіне аталған барлық шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етуді, әкімшілік реформаны құқық қорғау органдарында, сондай-ақ ел Президентіне есепті барлық ұйымдарда жүргізуді тапсырамын. Төртінші. Үкімет әкімшілік реформада көзделген Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесін үздік халықаралық тәжірибені ескере отырып, нәтижелілік, ашықтық және қоғам алдындағы есептілік негізінде дамыту жөніндегі шараларды жедел қарқынмен іске асыруға тиіс. Мұндай жаңа қағидаттар 2008 жылы қанатқақты мемлекеттік органдарда – Әділет, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Қаржы министрліктерінде және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде екшелуге тиіс. Әкімшілік реформаның басты мақсаты басқарушы аппарат жұмысының тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру болуға тиіс. Яғни, халыққа қызмет етуі шарт. Ол төрешілдікті, сөзбұйдаға салуды азайтуға тиіс. Әкімшілік реформаның негізгі элементтерінің бірі елдегі жаңа кадр саясаты болуға тиіс. Дамудың қазіргі кезеңінде адам факторы айқындаушы фактор болып табылады. Мемлекеттік басқару жүйесінде жаңа тұрпатты басқарушылардың кәсіби ұйытқысын қалыптастыруға бағытталған қазіргі заманғы қағидаттарды әзірлеу қажет. Бұл үдерісте үлкен рөл “Нұр Отан” партиясына тиесілі болмақ. Партия мемлекеттік басқару жүйесі үшін кадрлар жасақтауға белсенді қатысып, лайықты азаматтар үшін “әлеуметтік көтергіш” рөлін атқаруы керек. Бұл орайда жас ұрпаққа, “Болашақ” бағдарламасының түлектеріне де маңызды рөл берілуге тиіс. Жас кәсіби мамандар ел өмірінде болып жатқан үдерістерде өз орнын тауып, болашақты орнатуға белсенді қатысуы керек. Сондықтан да резервпен жұмыс істеу де жаңа деңгейдегі жұмысты талап етеді. Президент Әкімшілігі кадр жұмысына басшылық жасауға тиіс. Берінші. Келесі жылдан бастап еліміздің тарихында тұңғыш рет мемлекеттік бюджеттік жоспарлаудың жаңа жүйесінің негізі 3 жылдық бюджет болады. Бұл үшін Үкімет ағымдағы жылдың өзінде жаңа Бюджет кодексін әзірлеуі қажет. Сондай-ақ жоспарлау жүйесін жаңарту мен жетілдіру, бюджет қаражатын пайдалану мен мемлекеттік активтерді басқарудың тиімділігін арттыру жөніндегі жұмысты шұғыл түрде жеделдету керек. Алтыншы. Үкімет нысаналы аудит, керек десеңіз, негізгі мемлекеттік әлеумет¬тік-экономикалық бағдарламалар бойынша бөлінген мемлекеттік қаражатқа “тым мұқият аудит” жүргізуі керек. Бұл аудиттің мақсаты – қол жеткен нәтижелерді бағалау, мемлекеттік қаражатты басқару мен жұмсаудың тиімділігін күрт арттыру. Жетінші. Үкімет шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыру жөніндегі дәйекті жұмысты жалғастыруға тиіс. Шағын несие ұйымдарының жұмысын, соның ішінде мемлекет қаражаты есебінен де қолдау керек. Олар біздің жүз мыңдаған азаматтарымыздың өз ісін ашуына қолдау көрсетуде. Шағын несие берудің қолжетімділігін арттыру және көптеген қазақстандықтар үшін жаңа жұмыс орындарын ашу жөніндегі шараларды ойластыру қажет. Дамыған кәсіпкерлік сектор – кез келген ел экономикасының негізі. Осыған байланысты әкімшілік реформа аясында Үкіметке бизнеске түсетін әкімшілік салмақты батыл азайтуды, рұқсат беру жүйесін, ең алдымен лицензиялауды, сертификаттауды, аккредиттеуді одан әрі оңайлатуды тапсырамын. Бір мысал келтірейін. Дүниежүзілік банктің “Бизнесті жүргізу” туралы соңғы есебі бойынша барлық экспорттық рәсімдерден өту үшін Қазақстанға 89 күн, мәселен, Эстонияға бұл үшін небәрі 5 күн керек екен. Кәсіпкер үшін нағыз кесапат – 50-ден астам заңда көзделген түрлі-түрлі тексерулер болып отыр. Кейбір ведомстволар заңнаманы бұза отырып, түрлі сылтаулармен кәсіпорынды бірнеше рет “тексеруге” мүмкіндіктер іздейді. Бұл бизнесті өз ісінен едәуір алаңдатады. Бұл мен жүргізіп отырған саясатқа қайшы келеді. Құқық қорғау және басқа да тексеруші органдардың тексерулерінің санын едәуір қысқартып, ретке келтіру керек. Қымбатты қазақстандықтар! Қазақстандықтардың, Қазақстан қоғамының барлық жіктері мен әлеуметтік топтарының әлеуметтік көңіл-күйін ұдайы жақсарта түсу мемлекет саясатының алдыңғы сапында болып келді және осылай болып қала береді.Өмір сапасының стандарттары адам капиталын дамытудың және Қазақстанды әлеуметтік жаңартудың тиімді нарықтық құралына айналуға тиіс, бұл ретте масылдық пиғылды орнықтыруға жол беруге болмайды. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты жұмыс орындарын ашуға және еңбекке қабілетті халықты ел экономикасына тартуға бағдарланған жағдайда ғана тиімді бола алады. Бұл қағиданы біз бұрын да ұстанып келдік, болашақта да одан ауытқымаймыз. “Нұр Отан” партиясының 5 жылға арналған сайлауалды тұғырнамасына сәйкес халықтың әлеуметтік қорғалмаған жіктерінің тұрмыс деңгейін алдағы уақытта да арттыра беру үшін бізде барлық негіз бар. Жаңа үшжылдық бюджет: ● тұтас алғанда 2007 жылға қарағанда зейнетақылардың орташа мөлшерін 2012 жылға қарай 2,5 есе, оның ішінде 2009 жылы – 25% , 2010 жылы – 25% және 2011 жылы 30% арттыруды қамтамасыз етуге тиіс. Бұл ретте 2011 жылы арқаулық зейнетақылық төлемдер мөлшері ең төменгі күнкөріс мөлшеріне қарай 50% -ға дейін өсірілуге тиіс; ● мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың және арнаулы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшерін 2009 жылдан бастап жыл сайын орта есеппен 9% арттыруды; ● сәби бір жасқа толғанға дейін күтіп-бағуға берілетін ай сайынғы жәрдемақыны 2010-2011 жылдары кезең-кезеңмен өсіруді, орта есеппен алғанда 2007 жылғы жәрдемақының мөлшерінен 2,5 есеге арттыруды; ● 2010 жылдан бастап 4 және одан да көп бала туғанға берілетін біржолғы жәрдемақылардың мөлшерін 2007 жылға қарағанда 4 еседен асыра өсіруді; ● бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен өсіру арқылы 2012 жылы 2 есе деңгейге, оның ішінде 2009 жылы – 25%, 2010 жылы – 25%, 2011 жылы 30% арттыру қамтамасыз етілуі тиіс. ● тарихи атажұртына көшіп келу үшін оралмандарға бөлінетін жыл сайынғы квотаны 2009 жылы 5 мың отбасына дейін ұлғайтып, жылына 20 мың отбасына жеткізуіміз керек. Әлеуметтік игілікті қамтамасыз ету өмір сүру сапасын арттырумен, сондай-ақ еліміздің адам ресурстарын ұлғайтумен қатар жүргізілуге тиіс. Еліміздің ғылыми, білім беру және денсаулық сақтау кешендерінің басты мұраты осы. Білім беру саласының басты міндеті – 2010 жылға дейінгі білім беруді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны орындай отырып, осы саланың сапалы қызмет көрсету аясын кеңейту. Бірінші. Білім және ғылым министрлігі үш жылдың ішінде заманға сай білім алуға және озық технологияларды игеруге мүмкіндік беретін білім берудің тиімді инфрақұрылымын жасауды аяқтайтын болсын. Үстіміздегі жылы біз 68 мың оқушы орынға арналған 88 мектептің құрылысын, ал 2009-2010 жылдары 69 мың оқушы орынға арналған тағы да 102 мектептің құрылысын бастай аламыз. Екінші. Үкіметке, мемлекеттік холдингтерге облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесе отырып кәсіптік-техникалық білім беруді одан әрі дамыту бағдарламасын әзірлеп, іске асыруды тапсырамын. Бұл бағдарлама ел экономикасы үшін барынша қызығушылық тудырып отырған тиісті білім салаларына шетел ғалымдары мен оқытушыларын тартуды көздеуі тиіс. Бұған, ең алдымен, жұмыс берушілер мен олардың қауымдастықтары, яғни бірінші кезекте осындай кадрларға зәрулік танытқан бизнес өкілдері белсенді түрде тартылуы қажет. Үшінші. Үкімет “Тілдердің үш тұғырлылығы” мәдени жобасын іске асыруды жеделдетуі тиіс. Бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударғым келеді. Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып қазақ тілін оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажет. Мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік, инновациялық әдістемелік, тәжірибелік оқу-құралдарын, аудио-бейнематериалдарды әзірлеу керек. Қазақ тіліндегі оқулықтар шығаруға арналған тендерді үнемі жеңіп алатын бір-екі баспа ғана бар. Сонда оқулықтардың сапасын жақсарту үшін қандай бәсекелестік болмақ. Қазақ тіліндегі оқулықтардың сапасы сын көтермейді. Олар адамдарды қазақ тілін үйренуге емес, қазақ тілінен қашуға итермелейді. Осы салаға жауапты тиісті органдар нақты шешім қабылдауы тиіс. Төртінші. Әзірге халықты мектепке дейінгі балалар мекемелерімен қамтамасыз етуде “бетбұрыс” жасала қойған жоқ. Үкімет пен әкімдер барлық жерде бұл проблеманы терең зерделеп, осы негізде бұл мәселенің шешімін әзірлеуі тиіс. Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн. Және бұл сатыны олардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет. Әрі балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым-қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз керек. Бүгінгі күні біздің денсаулық сақтау жүйеміз осы заманғы Қазақстан азаматтарының талаптарына қазірше сай емес. Бұл — денсаулық сақтау саласының басты мәселесі. Қазіргі кезде қолымыздағы инфрақұрылым да, медициналық қызметтің сапасы да әрі қызмет көрсетуді ұйымдастыру деңгейі де көңілден шықпайды. Бірінші. Үкімет денсаулық сақтау нысандарын қалпына келтіру мен дамыту жөніндегі жұмысты жандандыруы қажет. Биыл біз республикалық маңызы бар 9 денсаулық сақтау нысанының, жергілікті маңызы бар 112 нысанның құрылысын қолға алдық. Екінші. Ауруды емдеуден гөрі оның алдын алудың арзанға түсетінін есепке ала отырып, басымдықты аурудың алдын алуға, яғни ең озық әдістерді енгізу арқылы алдын ала диагностика жүргізу, ауруды анықтау мен емдеу сияқты қолданыстағы бағдарламаларды қайта саралауға бағыттаған жөн. Денсаулық сақтау саласындағы қаржы ресурстарын тиімді пайдалану үшін тиісті талдау жүргізіп, медициналық қызметтің нақты құнын бағалау керек. Үшінші. Денсаулық сақтау, Білім және ғылым министрліктеріне бірлесе отырып ауруханалардың медициналық қызметкерлерінің, соның ішінде медицина қызметкерлерін қосымша даярлау мен қайта даяр¬лау, оларды сертификаттау мен лицензиялау жолымен біліктілігін арттыру бағдарламасын әзірлеуді тапсырамын. Сондай-ақ медициналық жоғары оқу орындарында гранттар мен “Болашақ” бағдарламасы бойынша медициналық мамандықтарға квота санын көбейту қажет. Төртінші. Ерекше назар халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге аударылуы тиіс. Елге әкелінетін медициналық препараттардың сапасына қатаң бақылау орнатып, белсенді түрде отандық фармацевтикалық фабрикаларды құруға қажетті инвестиция тарту қажет. Бесінші. “Дені сау ұлт” үшін инфрақұрылымын дамытудың маңызы жоғары. Балалық шақтан бастап дене шынықтыру мен спорттық даярлыққа және оған ең қолайлы мүмкіндіктер туғызуға ерекше ден қойылуы керек. Әкімдер жаңа стадиондар мен спорт кешендерін, балаларға арналған және басқа спорт алаңдарын салу мен ескілерін жаңарту арқылы барлық жастағы адамдардың спортпен шұғылдануына, өздерінің бой¬ларын сергек ұстауына, сөйтіп, өмір жастарын ұзартуына жағдай жасауы қажет. Министрліктер мен әкімдіктер саламатты өмір салтын кеңінен насихаттау жұмысын жандандыруы қажет. Бұл мемлекеттік маңызды мәселе, сондықтан Үкімет оған барынша ауқымды дәрежеде көңіл бөлуге тиіс. Демографиялық ахуалды түбегейлі жақсарту жөніндегі кешенді шараларды белгілеу қажет. Бұл мәселеге таяу уақыттағы Ұлттық кеңестің мәжілісін арнау керек. Дені сау ұлт – жалпыұлттық міндет. Оны жүзеге асыру мәселесіне отандық бизнес-қауымдастық белсенді қатысуға тиіс. Осы ретте бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру жөніндегі менің үндеуіме барлық бизнес қауымдастығының қызу үн қосқанын қанағаттанғандық сезіммен атап өткім келеді. “Қазақмыс” корпорациясы, Еуразиялық өнеркәсіптік ассоциациясы, Қазмырыш, Теңізшевройл, Аджип, “ҚазМұнай¬Газ”, “Қазатомөнеркәсіп”, “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниялары сияқты құрылымдар тек өткен жылы ғана әлеуметтік салаға арналған нысандарды: мектептер, медициналық және мектеп жасына дейінгі мекемелерді, сауықтыру кешендерін, мүгедектерге арналған оңалту орталықтарын, мәдениет және спорт мекемелерін дамытуға 30 млрд. теңгеден астам қаржы бағыттады. Бұл — корпоративтік әлеуметтік жауап¬кер¬шіліктің жарқын үлгісі. Мұндай тәжірибе барынша кең таратылуға тиіс. Ал бұқаралық ақпарат құралдары оған барынша қолдау көрсетуі керек. Біздің азаматтарымыз үшін, әсіресе, жас отбасылар үшін тұрғын үйдің қолжетімділігі мен сапалылығы – мемлекеттің барынша өмірлік маңызы бар басымдықтарының бірі болып келді және алдағы уақытта да солай болып қала бермек. Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына мына бағыттар бойынша өзгерістер енгізу қажеттілігі пісіп-жетілді. Бірінші. Мемлекеттік қызметкерлерге және бюджеттік саланың еңбеккерлеріне тұрғын үй құрылысының жинақ жүйелері арқылы жылдық мөлшері 4 пайыздан аспайтын алдын ала тұрғын үй займдарын беруді жүзеге асыру керек. Екінші. Жалға берілетін тұрғын үй құрылысына, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік сала еңбеккерлері үшін салынатын үйлерге екпін түсірген жөн. Өзінің жеке меншік тұрғын үйлерін салғысы келетін азаматтар үшін мемлекет жеке меншік құрылысына арналған инфрақұрылымдар қалыптастырады. Бағдарлама аясында бұл үдеріске ӘКК-лер белсенді қатысуы керек. Үшінші. Құрылыс компанияларының қызметінде мөлдірлікті және саладағы бәсекелестікті арттыру дәрежесін заңды түрде қамтамасыз ету керек. Тұрғын үй құрылысы үлескерлерінің құқықтарын қорғауды арттыру қажет. Жеке меншік тұрғын үй құрылысын дамытуды ынталандыру мақсатында жер телімдерін беру және тіркеу ережелерін мейлінше жеңілдеткен дұрыс. Төртінші. Жеке меншік тұрғын үй құрылысында индустриялық, арзан және экологиялық таза технологияларды игеру басымдыққа ие болуға тиіс. Шет мемлекеттердің озық тәжірибелерін кеңінен қолдану керек. Бесінші. Биылғы жылы өзінің 10 жылдығын атап өткелі отырған біздің елордамыз Астананы одан әрі дамыту маңызды міндет болып саналады. Елордадағы энергия көздерінің, инженерлік инфрақұрылымдардың және бүгінгі озық көлік жүйесінің құрылысын одан әрі жалғастыру қажет. Қаланы энергия қуатымен қамтамасыз етудің сенімділігін арттыру үшін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде ЖЭО-3 құрылысымен қоса, энергетикалық кешенді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру керек. Үкімет елорданың тұтыну рыногындағы бағаны тұрақтандыру және оны барынша толықтыру мақсатында Астана қаласының азық-түлік белдеуін жасау жөніндегі жұмысты жандандыруы керек.Үкімет және Астана қаласының әкімдігі 2008 жылы медициналық кластер құру жөніндегі жұмысты негізінен аяқ¬тау¬ды және елорданың 10 жылдығы қарсаңында тапсырылуға тиіс құрылыс нысандарын пайдалануға беруді қамтамасыз етуі қажет. Тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту барлық дәрежедегі әкімдердің бірінші кезектегі міндеті болып қалуға тиіс. Сондықтан мына бағыттарда мақсатты түрде жұмыс жүргізу керек. Бірінші. Бюджеттің нәтижелілігін арттыру. Тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға арналмаған барлық шығындарды қысқарту қажет.Орталықта нәтижелілікке бағытталған бюджетті өмірге енгізу жөніндегі жұмыс қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатыр. Бұл жұмысты жергілікті жердегі деңгейде де дамыту қажет. Тұрғындар өңірлік биліктің нақты қамқорлығын сезінуге тиіс.Жаңа әлеуметтік нысандар: медициналық мекемелер, мектептер, спорт ғимараттары тұрғындарға сапалы, озық және ең бастысы, бұқаралық қызмет көрсету орталығына айналуға тиіс. Екінші. Қазақстан алдағы уақытта да халықаралық лаңкестік пен діни экстремизмге қарсы күрес жөніндегі халықаралық коалицияның белсенді мүшесі ретіндегі ұстанымын жан-жақты нығайта беруге ниетті. Үшінші. Біз Қазақстан армиясын жаңғыртуды және оның жауынгерлік дайындығын жетілдіруді жалғастырамыз. Өткен жылдар ішінде еліміздің Қарулы Күштері өзінің әскери және техникалық сапасын елеулі түрде арттырды. Қауіпсіздіктің бүгінгі заманғы қатерлеріне тойтарыс беруге қабілетті Қарулы Күштердің кәсіби, әскери және басқару корпусын құру қажет. Тұтастай алғанда, еліміздің Қарулы Күштерінің алдында жаңа Әскери доктринаға сәйкес өзінің жауынгерлік дайындығын және бәсекеге қабілеттілігін одан әрі арттыру міндеті тұр. Үкімет пен мемлекет, бүтіндей алғанда, біздің Қарулы Күштерімізге барынша қолдау көрсетуге тиіс. * * * Алдағы жылдары жаһандық маңызы бар бірқатар халықаралық іс-шаралар өткізу қажеттігін ерекше атап көрсеткім келеді. Әңгіме 2009 жылы өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының үшінші съезі, 2010 жылы өтетін Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес, 2009 жылдан басталатын ЕҚЫҰ-ның басқарушы үштігінің жұмысы және 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету мәселелері туралы болып отыр. Қазірдің өзінде осы мәселелерге байланысты ұйымдастырушылық жағынан да, сол сияқты мазмұны тұрғысынан да байсалды әзірлік жұмыстарын жүргізу қажет. Бұл Үкімет пен Сыртқы істер министрлігінің ғана емес, барша мемлекеттік басқару органдарының міндеті. Қымбатты отандастар! Құрметті депутаттар мен Үкімет мүшелері! Байқасаңыздар, алдымызға қойылып отырған міндеттер жылдан-жылға артып келеді. Сондықтан еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолында халықтың және сіздер мен біздердің істеп жатқан шаруамыздың барлығы мемлекетіміздің нығаюы, тәуелсіздіктің мықтылығы, халықтың әл-ауқатының артуы үшін жасалуда. Осы жолда бәріміз елдің бізге деген сенімін ақтап, мақсаттарға жетеміз деп мен нық сенемін. Айтайын дегенім осы еді, ағайын! Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
|
|
|
|
Елшінің алғы сөзі
Құрметті ханымдар мен мырзалар!
 Германия Федеративтік Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің веб-сайтына қош келдіңіздер. Бұл парақшамыздан Сіздер Қазақстан туралы жан-жақты мағлұмат таба аласыздар деген үміттемін. Іскер адамдарға төмендегідей бөлімдерді қарап шығуды ұсынар едім: экономикалық қатынастар, экономикалық есеп, инвестициялық жобалар, туризм.
толығымен...
Пайдалы сілтемелер
|